Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуi



Pdf көрінісі
бет161/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

3. Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуi.
 1892 жылы 
Транссiбiр темiржолының құрылысы басталды. Ол Қа зақстанның солтүс-
тiк өңiрiн басып өттi. Мұның өзi қазақтардың ие лi гiн дегi жердiң 4,2 мил-
лион десятинасын қосымша тартып алу ға жет кiздi. Темiржол құрылысы 
шаруалардың  қоныс  аударуына  неғұр лым  ұйымдасқан  сипат  бердi. 
Шаруалардың  темiржол  құ ры лысы  аумағына  (оның  оңтүстiгiне  қарай 
100 шақырым жерге де йiн) қоныс аударуына Сiбiр темiржол комитетi де 
мүдделi болды.
Қоныс  аударушы  шаруалар  адам  тасуға  бейiмделмеген  қолайсыз  
вагондарда  тасып  әкелiндi.  Петропавл  және  Омбы  сияқты  қалалардың 
темiржол торабы бекеттерiнде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. 
Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерiн 
де  сонда  өткiздi.  Азық-түлiктiң  жетiспеушiлiгi  мен 
дәрiгерлiк көмектiң болмауы салдарынан адамдардың 
арасында  ауру-сырқау көбейдi, тiптi өлiм-жiтiм де аз 
В. С. Иванов
. Қоныс 
аударушылар. 1870 ж.
Сурет бойынша әңгіме 
құрастырыңдар.


133
болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар 
пункттерi мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады. 
Ереже бойынша жергiлiктi халықтың «басы ар  тық» жерлерiн, ондағы 
суару жүйесi мен су көздерiн қоса жап пай   тартып алу көзделдi. Қоныс 
аударушыларға арналған қор құру үшiн «басы артық» жерлердi iздеп табу 
міндеттелінді. Патша үкiметi қоныс аударту басқармаларына қазақтардың 
жерлерiн  тартып  алуына  және  оларды  ғасырлар  бойы  ежелгi  отырған 
атамекенiнен күштеп қуып шығуына толық құқық бердi.
Қоныс  аударып  келген  шаруалар  өз  алдарына  жеке  болыстарға  бi-
рiктiрiлдi. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды, кейіннен 
шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет