1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
56
– пәні ретінде педагогикалық зерттеу мен оны қамтамасыз ету әдістері
кіретін педагогика әдіснамасының шеңберіндегі арнайы пән;
– педагогикалық зерттеулердің негізін құрайтын ұстанымдар, жалпы
қағидалар, бағыттар мен әдістер туралы ғылым білім;
– жаңа педагогикалық білімге қол жеткізуші әдістер мен білімдер
жүйесі ретінде қарастырылады.
Педагогика әдіснамасын тең құқықты түрде құрылып жатқан педа-
гогика ғылымы жүйесіне ендіру, педагогика ғылымы жүйесінің ғылыми
пән ретінде қалыптасу ұстанымдарын В.И. Журавлев, В.И. Гинецинский
мен Б.С. Гершунский секілді ғалымдар жүзеге асырды. Қазіргі уақытта
жалпы педагогика ғылымы жүйесінде А.П. Тряпицына, Н.А. Вершинина
педагогиканың пәнаралық құрылымын зерделеуде.
Педагогиканың әдіснамасы түрлі мағыналарда, мәндерінде және түрлі
қырларында түсінілуі мүмкін. Дегенмен әдебиетке талдау сол авторлардың
бұл мәселеге көзқарастарының жақындай түскенін байқатады. Педаго ги ка
әдіснамасы педагогтардың ғылыми танымның тиімділігі мен нә ти желігіне
жетуді қамтамасыз етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйым-
дастыруы, әдістері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері ту-
ралы ілім деп айтып жүр.
Осылайша, педагогика әдіснамасы кең мағынада – теория, оның пәні
зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін және
тар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен
түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі ретінде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: