59
1.3. Педагогика әдіснамасы: мәні, қызметтері, негізгі ұғымдары
1969–1992 жылдар аралығында өткізілген педагогика ғылымының
әдіснамасы мен зерттеу әдістемесіне арналған Бүкілодақтық әдіснамалық
семинарларда педагогика теориясының жасалуы, педагогикадағы жүйелілік
тұғыр, теориялық зерттеулердің тиімділігін арттыру, тәрбиенің әдіснамалық
негіздері, педагогикалық зерттеу әдістері,
педагогикалық экспериментті
ұйымдастыру, озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, үздіксіз білім беру
мәселелері кеңінен талқыланып, ғалымдар нақты тұжырымдарды ғылым
мен практикаға ұсынып отырды. Осы тұста педагогиканың ұғымдық-
түсініктік аппараты жасала бастады.
Педагогикалық зерттеулер – бұл ғылыми шығармашылық емес, сон-
дай-ақ белгілі бір нормативтік талаптарға сай іс-әрекеттер.
Осыған сәй-
кес әдіскерлер нақты педагогикалық зерттеулерді сапалы түрде талдап
оқып-үйренуді ұйымдастыру барысындағы басты мәселе ретінде ғы лы-
ми-педагогикалық әрекеттердің жалпы теориясын құрайды, ол жеке та-
ным дық және тәжірибелік қайта өзгерту әрекеттерін түсіндіріп беріп, осы
теорияның алғышарттарының зерттеу тәжірибесін анықтап бере алады.
Осында педагогикалық әдіснаманың тікелей тәжірибелік маңызы бар жә не
ол педагогикалық ғылым танудың құрамында арнайы пән болып табы ла-
ды. Ғылыми-педагогикалық әрекет теориясының даму нәтижесінде тө мен-
дегідей педагогикалық әдіснаманың құрылымы пайда болды:
– педагогиканың даму әдіснамасы педагогикалық
тәжірибемен ұш-
тас қан ғылыми жүйеліліктің педагогикалық танымы және қайта өзгертумен
өзара байланысты;
– педагогикалық зерттеудің әдіснамасы;
– педагогикалық жобалаудың әдіснамасы.
Педагогикалық әдіснаманың эвристикалық әлеуеті қазіргі кезеңде кі-
рік тірілген үрдістермен көбірек байланысты болғандықтан, жүйелі қолдану
мәселелері маңызды болып, ғылыми-педагогикалық тәжірибеде жүйеленген
тәсілдеме арқылы әдістемелік бағыттардың жүйеленген шешімдерін шы-
ғару арқылы ғылыми ізденістерді және педагогикалық зерттеулердің жүйе-
лі түрде ұйымдастырылуын қажет етеді.
Ғалымдар ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру мә-
се лелерін тиянақтады. Кейін 1994 жылдан бастап семинар Бүкіл ресейлік
мәртебеде педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық бағдарлары, әдістері,
диссертациялық зерттеулердің әдіснамасы, педагогиканың ғылыми тілі мен
педагогиканың философиялық-әдіснамалық мәселелерін талқылады.
Педагогика әдіснамасы жалпы әдіснама ғылымы мен қоғам дамуының
үдерісін
талдаудан туындайды, теориялық талдау және жинақтау, соны-
мен қатар педагогика, психология, әлеуметтану, кибернетика және бас қа-
ру теориясының зерттеу нәтижелерін, қисынды жалпылау әдістерін қол да-
нады.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
60
Сонымен, ғылымның әдіснамасы – бұл қағидалар, қорытындылар,
ұс танымдар, танымдық әдістер арқылы түрлі жағдайлар тоғысында шын-
дықты бейнелеу ақиқатын зерделеп түсіндіретін ілім.
Кез келген әдіс на-
ма лық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық ұстанымдар негізінде
алынған бастапқы әдіснамалық тұжырымдамада жүзеге асады. Адамның
танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қа-
лып тастыру – философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық,
ак сиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы тү сі-
ніктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: