Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет125/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
300
Қазақстанның Педагогика ғылымдары академиясын 
құрды. Өзінің зерттеу бағытына сәйкес салыс тыр-
малы педагогика саласында зерттеулер жүргізуде. 
Са лыстырмалы педагогика әдіснамасы мен әдіс-
те месінен қазақ және орыс тілінде оқулықтар, оқу 
құралдарын даярлады. Профессор салыстырмалы 
педагогиканың Әлемдік кеңесінің мүшесі, ҚР Мем-
лекеттік сыйлығының лауреаты.
Негізгі еңбектері: «Методология и методика 
сравнительной педагогики», «Сравнительная педа-
гогика» [124; 125].
Ғалымдар педагогикалық білімнің мазмұнын түзу мәселелесін зерттей 
отырып, тұлғалық-әрекеттік, мәдени және антропологиялық тұғырларды 
қолданудың мақсаттылығын атап көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, 
біріншісі бойынша мұғалім тұлғасының қалыптасуын педагогикалық 
даярлық мақсаты ретінде жіктеуге болады, екіншісі педагогикалық идеялар 
мен тұжырымдар динамикасын әлемдік мәдениеттің дамуы жағдайында 
қарастыруға мүмкіндік береді, үшіншісі адамтануды педагогикалық 
қызметтің негізі ретінде анықтайды.
Дидактиканың дамуына қазақстандық ғалымдар (М.Ж. Жадрина.
Т.О. Балықбаев, Ж.А. Қараев, А.Қ. Құсайынов, Т.Г. Галиев, Н.А. Асанов, 
С.Д. Мұқанова, К.И. Сариева, Қ.Л. Қабдолова және басқалар) үлес қосты.
Қазақстанда жалпы орта білім беру дидактикасы қарқынды дамыды. 
Оның ішінде білім беру мазмұнын құрастыруда құзыреттілік тұғырды 
негіздеген профессор М.Ж. Жадрина болды.
Жадрина Мақпал Жұмабайқызы 1951 жы-
лы Алматы облысының Қарғалы кентінде дү ние-
ге келген. 1974 жылы ҚазмемҚызПУ-дың жара ты-
лыстану-география факультетін бітірген. 1985 жы лы 
«Развитие предметных умений при обучении хи-
мии в школе» тақырыбында кандидаттық дис сер-
тация қорғады. 1988 жылдан Мәскеудің Білім беру 
мазмұны мен әдістері институтында, 1991 жыл дан
Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институ-
тын да дидактика зертханасын басқарды.
Профессор М.Ж. Жадрина жалпы орта білім беруді стандарттау 
теориясын жасауға атсалысты. 2000 жылы «Дидактические основы по-
2000 жылы «Дидактические основы по-
строения содержания вариативного образования» тақырыбында докторлық 
диссертация қорғады. 2001–2006 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ 
білім академиясында вице-президент, 2006–2009 жылдар «Бөбек» Ұлттық 
ғылыми-практикалық, білім беру орталығының Адамды үйлесімді да-


301
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
мыту институтының директоры, 2010–2016 жылдары «Назарбаев ин тел-
лектуалдық мектебі» ААҚ аға менеджері болып қызмет атқарды.
Бүгінгі күні жастарды әлеуметтендіру және оларға рухани-адам гер-
шілік білім беру бағытында зерттеулер ұйымдастырылуда. Қазақстанда 
әлеуметтік тәрбие, жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін дамы-
ту (Р.Ж. Иржанова, К.Қ. Құнантаева, Б.Ы. Мұқанова, М.Н. Кузьмина, 
Н.Н. Тригубова және басқалар), тәртібінде ауытқулары бар жеткіншекті 
тәрбиелеу (Г.А. Уманов, Л.К. Керимов, В.В. Трифонов, В.А. Парфенов, 
Д. Жұмабаев, В.Г. Баженов, А.Т. Ақажанова, Ш.Ж. Колумбаева және 
басқалар), жастарды әлеуметтендіру (И.М. Кузьменко, З.Ө. Кеңесарина,
О. Нұсқабаев, Е.З. Батталханов, А.Н. Тесленко, Т. Г. Бортко, Ә.Қ. Нұрғалиева, 
А.М. Мүсілімов, С.Н. Жиенбаева, В.А. Жексембекова, Ш.А. Қирабаева, 
А.С. Иргалиев және басқалар), этникалық әлеуметтендіру (С.А. Ұзақбаева, 
С.Қ. Қалиев, К.Ж. Қожахметова, Ә.Т. Табылдиев, Р.Қ. Дүйсенбінова,
С.C. Қоңырбаева және басқалар), әлеуметтік педагогтарды даярлау, болашақ 
педагогтарды әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа даярлау (И.Б. Сиқымбаев, 
Г.Ж. Меңлібекова, С.С. Досанова, Р.И. Бурганова, Ж.Х. Кендірбекова 
және басқалар), әлеуметтік педагогиканың оқу пәні ретіндегі құрылымын 
нақтылау (І.Р. Халитова, А.Б. Айтбаева, Н.С. Әлғожаева және басқалар), 
әлеуметтік педагогика тарихы (Ғ. Қабыкенов және басқалар), әлеуметтік 
қызметті ұйымдастыру (Р.С. Қасымова, Қ.Ғ. Кәкен және басқалар), пе-
дагогтарды деонтологиялық даярлау (Ғ.М. Кертаева, Е.Н. Жұманқұлова,
А.Е. Кудерина және басқалар), болашақ педагогті тәрбие жұмысына дайын- 
дау (В.А. Ким, Л.А. Байсеркеев, Қ.Қ. Жампейісова, А.А. Калюжный,
С.Т. Иманбаева, Қ.Б. Бөлеев, А.Б. Абибулаева және басқалар), отбасындағы 
әлеуметтік жұмыс (К.Ү. Биекенов, З.Ж. Жаназарова, Ж.А. Нұрбекова және 
басқалар), әлеуметтік психология (Н.С. Ахтаева, Ұ.М. Әбдіғаппарова,
З.Н. Бекбаева және басқалар) мәселелері зерттелуде. «Бөбек» Ұлттық 
ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Адам-
ды үйлесімді дамыту институты ұжымы рухани-адамгершілік білім беру 
бағытындағы нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын аткаруда.
Қазақстандық ғалымдар педагогика әдіснамасын 
білім беру жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға 
бағыттады. Мысалы, Қ. Кертаеваның оқу құралы 
ғылым философиясы тұрғысынан педагогикалық 
зерттеуді ұйымдастыруға арналды.
Кертаева Калиябану Махметқызы – Қазмем-
Қыз ПУ физика-математика факультетінің түлегі, 
пе дагогика ғылымдарының докторы, профессор. 
Ғы лыми бағыты: мектептегі оқу-тәрбие үдерісін 
пси хологиялық тұрғыда қамтамасыз ету, оқыту 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет