85
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
туралы пункт жеке ажыратылған. Өйткені оны түсіндіру үшін жеткілікті
түрде ақпарат қажет.
Эксперимент.
Енді ғылыми экспериментті сипаттау сызбасын қарас-
ты райық. Оның мақсаты – оқушының зерттеудің эксперименттік әдісін
(ло гикасын) меңгеруі. Экспериментті сипаттау сызбасы: эксперименттің
мақ саты; зерттеу әдістемесі (өлшеу процедурасы мен құрылғысы); өлшеу
нә тижелері; нәтижелерді түсіндіру; эксперимент негізінде жасалған қо ры-
тынды мен ұсыныстар.
Мұнда екі сызба арасында айырмашылықтар бар. Олар мақсат фор-
муласын негізінде тұжырымын былай деп бастайды: «Ғалым тәжірибе
жасады, ол приборды алды (мектеп приборы суреттеледі)». Сосын әңгіме
аяқталады: «Ғалым бұл тәжірибеде келесі заңды дәлелдеді». Осыдан оқушы
оқу тәжірибесін ғылыми экспериментпен сәйкестендіретінін көреміз.
Қолданбалы білім.
Қолданбалы білім – ғылымның техникамен және
технологиямен байланысын жүзеге асыратын білім (оған: трансформатор,
радиоқабылдағыш құрылғысы туралы білім жатады). Қосалқы білімді сипат-
тау сызбасы; нысанның қызметтік анықтамасы; нысанның жұмысы негізделген
заң; құрылғы сызбасы; жұмыс үдерісі; нысандарды қолдану. Әдетте оқушылар
бірінші элементті (нысан анықтамасын) тастап кетеді. Олар бірден құрылғы
сызбасын сипаттаудан бастайды: нысанның жұмысы негізделетін заң айтыл-
майды, ал жұмыс үдерісі туралы бірауыз сөз айтады (3-кесте).
Жоғарыда айтып өткендей, оқу білімі жүйесінің әрбір «элементі» күр-
делі құрылымды береді. Сондықтан оны мүшелеуге болады. Бұл элемент-
терде ғылым тарихының мәселелері қатыстырылуы мүмкін.
3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: