113
2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
ти женің болжамды сипаттамасы. Содан кейін мәселе негізделеді (осы
мә селенің басқалармен мазмұндық байланысын орнату); өзектендіру –
мәселенің ақиқаттығы, оның қойылуының қажеттілігі және шешудің мүм-
кін діктері үшін дәлелдемелер келтіру; берілген проблемаға өзінің мәні жа-
ғы нан қарама-қарсы болатын қарсылық келтіру; мәселенің ұғымын анықтау
немесе оның мәнін, маңызын түсіндіретін қысқаша жазба; қайтадан кодтау,
яғни проблеманың мазмұнын баршаға түсінікті болатын зерттеу нәтижелері
кімге бағытталғанына қарай пәндік-ғылыми оңтайлы тілге аудару.
Педагогикалық мәселенің орталық элементі – адамдардың оқыту мен
тәрбиелеу саласындағы қажеттілігі туралы білімдер мен оларды шешу жол-
дарын, құралдары мен әдістерін білмеудің арасындағы қарама-қайшылық
болып табылады. Сонымен бірге осы жағдайдың жалпы түрі қазіргі бар
ескі білім мен жаңадан табылған эмпирикалық және теориялық зерттеулер
құбылыстарының арасындағы қайшылықтардың пайда болуы ретінде сипатта-
луы мүмкін. Эксперименттік және нақты ғылымда мұндай қарама-қайшылық
бұрынғы құралдар мен әдіс-тәсілдердің бәрінен бұрын байқау немесе экспери-
мент нәтижесіне сәйкес келмеуі тұрғысынан айтылады. Бұл дегеніңіз бұрынғы
әдістер жаңа ашылған деректерді түсіндіруге қабілетсіз болады деген сөз. Бұл
постулаттар мәселелік жағдаяттың мәнін ашуға мүмкіндік жасайды (6-кесте).
6-кесте
Достарыңызбен бөлісу: