Оқушылардың оқығандығының деңгейлік сипаттамасы
Оқығандық
деңгейлері
Тарихи білімге қойылатын
талаптар
Оқушы іс-әрекетінің түрлері
Фактоло
гиялық
(еске түсіру)
– терминологияны;
– ерекше фактілерді (даталар,
оқиғалар, есімдер, т.б.);
– категорияларды;
– өлшемдерді, әдістерді,
принциптерді, заңдарды, теориялар-
ды, т.б. білуі тиіс
– анықтама беруі;
– атауы;
– көрсетуі;
– табуы;
– танып білуі;
– өз сөзімен айтып беруі;
– атап шығуы;
– таңдауы керек және т.б.
Операциялық
(тарихи
білімді түсіну
және таныс
жағдайда
қолдану)
– фактілерді;
– заңдарды, принциптерді,
өлшемдерді, теорияларды;
– оқыған мәтінді және т.б. түсінуі
тиіс;
білімін:
– түсіндіру, салыстыру үшін;
– сапалық және сандық есептерді
шығаруға қолдануы керек;
– әдістерді;
– алгоритмдерді қолдануы тиіс;
– графиктер;
– диаграммалар;
– кестелер және т.б. сызуы керек
– түсіндіруі;
– салыстыруы;
– сипаттауы;
– сәйкестігін анықтауы;
– арақатынасын белгілеуі;
– анықтауы (айырмашылықты,
байланысты, себептерді);
– маңызды белгілерді бөліп
көрсетуі;
– есептеуі;
– сызба бойынша түсіндіруі;
– ережеге сәйкес орындауы;
– көрнекі көрсетуі;
– жалғастыруы / аяқтауы;
– қалып қойған үзінділерді орнына
қоя білуі керек және т.б.
Аналитикалық
(өзгерген не-
месе таныс
емес жағдайда
білімді
қолдану)
– проблемаларды шешу үшін әртүрлі
саладан білім алуы және пайдала-
нуы (кіріктіруі);
– талдау, талдап қорыту, бағалау,
құрылымдау, іс-әрекетті,
экспериментті жоспарлауы керек
– проблемалық сұраққа ауызша не-
месе жазбаша жауап беруі;
– шығарма жазуы;
– зерттеу жүргізуі;
– гипотезаны / қорытындыны
тұжырымдауы;
– өзінің немесе автордың
көзқарасын негіздеуі;
– фактілерді пікірлерден, гипотеза-
дан ажырата білуі,
– тұжырымдауы;
– ақпаратты талдауы;
– қателерді табуы;
– пікір айтуы;
– модель жасауы тиіс
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
220
Ол деңгейдің тапсырмалары оқушылар аталған тақырыпты зерделеу
кезінде алуы тиіс негізгі тіректік білімдерді иеленуге мүмкіндік береді.
Екінші операциялық деңгей оқушылардың танымдық қызметтің
тәсілдері мен әдістерін қорыту мен оларды неғұрлым күрделі, бірақ үлгілік
тапсырмаларды шешуге тасымалдауымен сипатталады. Екінші деңгей
тапсырмалары танымдық қызығушылықтарды дамытуға, оқушылардың
ойлауын дамытуға жағдайлар жасайды. Оған нұсқалылық үлгідегі дербес
жұмыс сәйкес келеді. Бұл үлгідегі дербес жұмыстарда бұрынырақ зерделен-
ген материалды жүйелеу мен реттестіруге арналған, кері байланыс міндетін
атқаратын тексерушілік тапсырмалар беріледі. Білімді қайта жаңғырту тап-
сырмалары беріледі:
– дереккөздің мазмұнын қысқа формада (түйіндеме), басқа қисында
ауызша немесе жазбаша баяндау;
– хронологиялық және тақырыптық кестелер жасау (Бірінші дүние-
жү зілік соғыстың оқиғалары; Екінші дүниежүзілік соғыстың оқиғалары;
екі дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын салыстыру; Ресей мен Қа зақ-
стандағы ұжымдастыру);
– жоспар (қарапайым және кең көлемді), конспект, тезистер жасау
(жоғары сыныптарда дербес жұмыс элементтері бар дәрістер пайдаланыла-
ды. Дәріс барысында тезистік жоспар, конспект құрастырылады);
– картамен жұмыс, диаграммалар мен графиктер құрастыру (тың иге-
ру, индустрияландыру);
– «өтпелі» мәселе бойынша фактілерді іріктеп алу мен топтау;
– хабар, реферат дайындау (бірнеше дереккөздердің негізінде).
Үшінші аналитикалық деңгей – оқушылардың ойлаушылық іс-әрекет
тәсілдерін: талдауды, қорытуды, салыстыруды, басты нәрсені бөліп көр-
се туді, жалпылауды, индуктивтік және дедуктивтік қорытындылар жасау,
алған білімді өздігінен таныс емес жағдаяттарда қолдана білу қабілетімен
ерекшеленеді. Бұл деңгейге танымдық-іздестіру (эвристикалық) үлгісіндегі
тапсырмалар сәйкес келеді. Осы деңгейде оқушының шығармашылық же-
ке тұлғасы қалыптаса бастайды. Жаңа шешімдерді тұрақты іздестіру, ал-
ған білімдерді қорыту мен жүйелеу оқушылар білімін неғұрлым икемді
етеді, зерттелетін үдеріске деген қызығушылық және зерттеуді өздігінен
жал ғастыру ниетін туындатады. Шығармашылық танымдық қызмет өз ді-
гінен таңдап алынған немесе ойлап табылған тәсілдердің көмегімен жаңа
білімді іздестіруді көздейді. Шығармашылық дербес жұмыстың неғұрлым
кең тараған түрі танымдық, проблемалық міндеттерді шешу болып табы-
лады. Оқытудың барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенді танымдық
қызметін ынталандырып, тарихты оқуға деген қызығушылығын нығайта
отырып, проблемалық міндеттер, іздестіру және шығармашылық сипаттағы
үй жұмыстары түріндегі танымдық тапсырмалар берілуі керек. Тексеру
221
3.5. Модельдеу және аналогия
объективіне мектеп оқушыларының тапсырмада ұсынылған немесе өз-
ді гінен тапқан оқу жұмысының тиімді тәсілдерін қолдану қабілеті; та-
рихи материалдан тұжырымдалған қорытындыны немесе негізделген өз
нұсқасын, өткен тарих фактілеріне баға беру немесе көзқарасын дәлелдеуге
жеткілікті, қажетті, ең басты, мәнді нәрсені іріктеп ала білу шеберлігі;
тиісті түсініктермен жұмыс істей білу шеберлігі; өз жауабын қисындық
реттілікпен құра білу шеберлігі түседі.
Тарих пәнін оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің тарих пәні са бақ та-
рында педагогикалық диагностиканы ұйымдастыра білуіне байланысты.
Педагогикалық диагностика – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің
ажы рамас бөлігі. Педагогикалық диагностиканы жүргізу барысындағы
кез десетін қиындықтарды анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нә-
ти жесі бойынша мектеп мұғалімдерінің 23 %-ы білім беру үдерісінің нә-
ти желерін бақылаудағы квалиметриялық тәсілдер жайлы ақпараттардың
бол мауын, 32 %-ы тестілік тапсырмаларды құрастыру теориясының не гі-
зінен білімдерінің таяздығын, 18 %-ы диагностикалық іс-шараларды жо-
ба лаудағы қиындықтарды, 12 %-ы педагогикалық диагностиканы жүргізу
әдіс-тәсілдерін жетілдіруге деген белсенділігінің төмендігін, 15 %-ы ба қы-
лау-өлшеу материалдарын құрастыру біліктерін арттыру қажеттігін айтады.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігі мұғалімнің белсенді оқыту
позициясының деңгейіне байланыстылығын атап көрсетуге болады. Мұ-
ға лімнің нақты мәтіннен іс-әрекет пен ойлаудың мәдени тәсілдерін көре
білуі, осы тәсілдерді меңгеруді және диагностикалауды ұйымдастыру, ди-
агностикалық қабілеттерін дамыту кәсіби ұстанымының (позиция) шын
мәнінде қалыптасуы болып табылады және оқушылардың жеке дамуы мен
өздігінен білім алуына ықпал етеді.
Педагогикалық іс-әрекет құрылымында мұғалімнің ұйымдастырушы-
лық қабілетінің орны ерекше. Шешім қабылдау, жүзеге асыру және оның
орындалуын қадағалау ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асырудың не -
гі зі болып табылады. Ұйымдастырушылық қабілет мұғалімге өз тәжірибе-
сін де оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық дамуы сипатта ры-
на сәйкес оқу үдерісін тиімді құрастырып жүзеге асыруға мүмкіндік туғыза-
ды. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекеті оқушылардың оқығандығы-
ның диагностикасын жоспарлау және жүзеге асыру кезінде де көрініс таба-
ды. Осыған орай зерттеу пәніне сәйкес диссертациялық жұмыстың маңыз-
ды тағы бір түсінігі «ұйымдастыру» болып табылады. Энциклопедиялық
сөздікте ұйымдастыру: 1) бүтіннің құрылымынан туындайтын автономдық
және жіктеулі бөлшектерінің өзара әрекеттесуінің келісімділігі және ішкі
үйлесімділігі; 2) бүтіннің бөліктерінің арасындағы байланыстарды құруға
және жетілдіруге бағытталған әрекеттер мен үдерістер жиынтығы; 3) бел-
гілі ережелер мен шараларға сәйкес әрекет ететін бір бағдарламаны және
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
222
мақсатты жүзеге асыратын адамдардың бірлестігі дегеніміз қайсыбір
құрылымды жасау екені белгілі. Біз ұйымдастыру түсінігіне берілген
екінші анықтамаға сүйенеміз. Іс-әрекетті ұйымдастыру дегеніміз – нақты
сипаттамаларын, логикалық құрылымын және оның жүзеге асыру (уақытты
құрылымдау) үдерісін анықтап тұтас жүйеге келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |