Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет14/97
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#95538
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97
Байланысты:
umkdfile(78615) (1)

ЕКІНШІ БӨЛІМ

ПУБЛИЦИСТИКАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖАНРЛАРЫ

Жанр – тарихи қалыптасқан тип, журналистік шығарманың түрі. Публицистика жанрлары әдебиет жанрларынан деректердің шынайылығымен ерекшеленеді.


Барлық журналистік шығармалардың негізі - дерек болып табылады. Дерек – бұл орын алған оқиға. Деректер ақпараттың негізі болып табылады. Деректер: нақты, таза шындыққа құрылған, қоғамдық мәнге ие және қарапайым қасиеттерге ие болуы тиіс.
Деректерден ақпарат қалыптасады:
Ақпаратты қабылдау стереотипінің үш сатысы бар:
1. Бірінші сатысы – ақпарат санаға онша әсер етпей тек бір сәтке ғана реципиенттің қиялын қобалжытады.
2. Екінші сатысы – ақпарат сана мен сезімге сәл әсер етеді, реципиенттің назарын аудартады.
3. Үшінші саты – сана-сезімде қалған ақпарат, ол реципиентте нақты әрекетпен аяқталатын, шындық негізінде белсенді шығармашылық лебіз туғызады.
Ақпараттық жанрлар «телеграфтық стильдегі» нақты деректердің нақты уақыт контекстінде мазмұндалатын, ақпаратты тасымалдаудың ерекше әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Ақпараттық жанрларға жататындар: хроникалық ақпарат, кеңейтілген ақпарат, қысқа жазба, есеп, эпистолярлық жанр, сұхбат және репортаж.
Хроникалық ақпарат – не? қашан? қайда? деген сұрақтарға жауап береді және 2-15 жолға дейінгі көлемге ие болады. Ресми және ресми емес газеттердің бірінші-екінші жолақтарында басылады. Хроникалық ақпараттың тілі - әдеби, стилі – құрғақ, ресми сарында жазылады.
Кеңейтілген ақпараттың көлемі 30-150 жол. Хроникалық ақпаратқа қарағанда мұнда түсініктеме болуы мүмкін. Түсініктеме – бұл деректің кеңейтілген түсінігі, оның түсініксіз немесе нақтыланбаған жақтарын түсіндіру. Түсініктеменің түрлері:
1. Кеңейтілген түсініктеме – деректің кеңейтіліп түсіндірілуі.
2. Маманның түсініктемесі – дерек маманмен, одан әрі құзыретті адаммен түсіндіріледі.
3. Полярлы түсініктеме – дәл осы саланың бірнеше мамандарымен деректің түсіндірілуі.
4. Синхронды түсініктеме – айту барысында тілші мәтінімен түсіндірілуі.
5. Нақты түсініктеме – ұсақ бөлшектеріне дейін деректерді түсіндіру.
Кеңейтілген түсініктемеде сондай-ақ қосымша бөлшектер, кейіпкерлер және т.б. болуы мүмкін.
Қысқа жазба – журналистикадағы ең ескі жанр. Хроникалық және кеңейтілген ақпараттан қысқа жазба авторлық позициясымен ерекшеленеді. Өйткені оның негізі - оқырманның хаты болып табылады. Егер ақпаратта уақыт факторы маңызды болса, қысқа жазбада әртүрлі уақыт өлшеміндегі деректің өзі маңызды.
Ілікпе сөз – бұл қандай-да бір сөз сөйлеуге қысқаша сезімдік лебіз. Ілікпе сөздің негізгі қасиеті көңіл болып табылады.
Эпистолярлық жанр – бұл оқырмандардың хаттары, журналистиканың белсенді жанрларының бірі. Хаттар барлық кезең мен дәуірде, журналистиканың пайда болуының алғашқы күндерінен бастап барлық материалдардың негізі болды. Эпистолярлық жанр түрлері: ұсыным-хат, өтініш-хат, сұрақ-хат, жауап-хат, ашық-хат т.б. болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет