СНХ: Нұртай Игембаев - Астана қаласының тұрғыны - Осының бәрін ЦОН-да ұйымдастыруға болады ғой... Мынау не масқара... СНХ: Кәмила Байысқақова – Астана қаласы Білім басқармасы аттестациялау және лицензиялау бөлімінің бас маманы - Кезекке тұру үшін азаматтар құжаттарын алдымен ЦОН-ға өткізеді. Сосын бізге келеді тіркелуге. Сондықтан ЦОН-да да жұмыс жүріп жатыр. Тілші: Кәмила Байысқақованың айтуынша, тұрғындар қарбаласқан келеңсіз жәйтті өздері жасап отыр. Өйткені ашылатын жаңа балабақшадағы орындарды үйлестірудің тәртібі алдын-ала хабарланған.
СНХ: Кәмила Байысқақова – Астана қаласы Білім басқармасы аттестациялау және лицензиялау бөлімінің бас маманы - Біз алдын-ала кесте жасадық. Оны газет пен сайтқа шығарды. Мысалы бүгін түске дейін 140-шы кезекке дейін, ал түстен кейін 140-тан 300-ге дейінгілерді қабылдаймыз. Ал оны ата-аналар қаперіне де алмайды.