Айбар Олжай, Еркін Жолымбетов «Хабар» телеарнасы. Оқиғалық репортажда оқиғаның өзі, оның даму бірізділігі анықтаушы болып табылады. Репортердің сөзі әрекетті ұйымдастырмайды, жүргізбейді, бірақ артынан ереді. Кадрдан тыс комментарийды жүргізіп жатқан репортердің жұмысы қиын әрі жауапты. Ол газетте жұмыс істейтін журналистке қарағанда әр сөзі мен сөйлемін ойластырып, оны қайта оқып, дұрыстауға мүмкіндігі жоқ. Тікелей бағдарламаны жүргізгенде кез келген жағдайға тап болуы мүмкін. Көрермен сияқты оқиғаға байланысты таңқалады. Репортажға дайындалу болатын оқиға жайлы мәлімет жинауға, дайын қызық материалдардың жазылуына тіреледі.
Оқиға – дербес. Оған қарауға, оны зерттеуге болады, бірақ көрерменге қаратып өзгертуге болмайды. Эфирде барлығы үйлесімді көрінсе, шындығында үлкен күш жұмсалатын жұмыс. Камерадағы оператор, монтажды іске асыратын режиссер, керек еместі алып тастайды. Нәтижесінде, көрермен дайын материалды көреді.
Проблемалық репортажда ең алдымен проблема көтеру мақсаты тұрады. Ол өмірдің барлық саласынан жазылуы мүмкін. Журналист қандай да бір проблеманың табиғатын зерттеу арқылы оқырман назарын осыған байланысты туындаған кемшіліктерге, себептер мен сауалдарға аударады, деректерді саралап, талдау жасайды. Бұл үшін нақты материалды (цифрларды, деректерді, оқиғаларды, құбылыс-тарды, жағдайларды, т.б.) көптеп пайдаланады, өз пікірін дәлелдей түсу мақсатында басқада дереккөздерге жүгінеді. Мысалы,