СНХ: Азамат Қожахметов - Астана қаласының тұрғыны - Маған жұмыстағылар бүгін соңғы күн деді. Кезегім бойынша осында әзер дегенде кіргенде, сенің кезегің өтіп кеткен деді. Мұны қалай түсінуге болады. Тілші: Ғимарат ішіндегі мамандар келгендерді тіркеп үгермей жатқанда, сыртта тұрғандар өзара кезекке таласып әлек. Кейбіреулері жаңа балабақшалардан орын үйлестіру сыбайлас-жемқорлыққа айналғанын ашық айтты.
ШУ:Жақында ғана біздің подъезде тұратын 3 ата-ана балаларына 2 мың доллардан орын сатып алды. Біздің кезекпен алуға тиіс орындар сондайға кетіп жатыр. СНХ: Кәмила Байысқақова – Астана қаласы Білім басқармасы аттестациялау және лицензиялау бөлімінің бас маманы - Белгіленген кезек бар. Кезек тұрғанда маған ақша керек емес. Тізім бар, әр ата-ана кезегі келгенде орынды алады. Тілші: Қазір Астанада 35 мыңға жуық бүлдіршін мемлекеттік балабақшадан орын алуға кезекте тұр. Ал бүлдіршіндерді құрылысы биыл аяқталатын 12 балабақшаға орналастыру жұмыстары тамыз айында дейін жалғасады.