СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты - Біз мұнайы жоқ мемлекет емеспіз. Сондықтан басқа өнімнен болмаса, дәл қазір биоотынды жеп отырған нанымыздан өндірудің еш қажеттілігі жоқ. Тілші: Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген заң жобасында биоотынды 3 санаттағы бидайдан өндіру керек деп көрсетілген. Ал елімізде нан өнімдерін жасауға жарамды астықтың 2 пайызы ғана жоғарғы сұрыпты болса, 85 пайызы 3 санаттағы бидай.
СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты - Кейбір елдер астықтың аздығынан аштықты да көріп отыр. Ал бізде бидай көп деп, оны оңды-солды шашқынымыз орынсыз. Тілші: Биоотын өндірісі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізбесе құба-құп. Хош. Енді сол биоотын өндірісіне тоқталсақ. Қазір Қазақстанның жылына 2 жарым миллион тонна экологиялық таза өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Еуропа, Қытай мен Жапония бізден биоотын алуға құлшынып отыр. Алайда білетіндердің пайымынша, оны экспорттауда біршама мәселе бар.