Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет48/97
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#95538
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97
Байланысты:
umkdfile(78615) (1)

Баспасөздегі сұхбат. Сұхбат - баспасөз тәжірибесінде кең тараған байырғы жанрдың бірі. Ол автордың шеберлігімен шешілетін, оқырман мен журналист арасындағы өзара сенім мен иланымдылықты орнықтыратын жанр. Сұхбатты біз тек қана сұхбат беруші мен сұхбат алушының арасындағы өрбитін әңгіме ретінде қабылдамауымыз керек. Көбінде, шетел журналистері сұхбатты ақпараттық топқа жатқызып, негізгі дерек алу көзі ретінде пайдаланады. Сұхбат алу барысындағы ең негізгі ұстанымдар төмендегідей болуы қажет:
1. Сұхбат алатын адамыңызбен алдын-ала танысыңыз.
2. Киім-киісіңізге аса мән беріңіз.
3. Сұхбат алуға жалғыз келгеніңіз дұрыс.
4. Келіскен уақыттан кешікпей келуге тырысыңыз.
5. Көрісу барысында жымыюды, сұхбат алушы адамыңыздың көзіне тіке қарауды, танысқаныңызға қуанышты екеніңізді білдіріп, қол алысуды ұмытпаңыз.
6. Бағынышты адамның рөлін ойнамаңыз.
7. Қашанда өзіңізді сұхбат беруші адаммен бірдей дәрежеде ұстаңыз.
8. Ол жайында жылы лебіздер білдіруді ұмытпаңыз.
9. Кейіпкердің жетістіктері жайында үлкен мақтанышпен сөйлеңіз.
10. Байқампаз болыңыз.
11. Әрдайым оған деген сенімділік, сыпайылық танытып отырыңыз.
12. Қоштаспастан бұрын жымиып, өткізілген сұхбат үшін алғысыңызды білдіруді ұмытпаңыз.
Бұл кеңестерді ұстану, ұстанбау әр журналистің өз еркі. Бүгінгі таңда сұхбат алудың басқа да жолдары бар. Осыны айта келе ағылшын қаламгері Оливер Голдмисттің «Не задавайте мне глупых вопросов, и я не буду говорить Вам нелепостей», - деген сөздері ойымызға түседі.
Сұхбат екі адамның әңгімесіне, журналист пен кейіпкердің сұрағы мен жауабына құрылады. Яғни, қоғам ықылас білдіріп отырған, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәліметке ие болу. Зерттеуші В.Д.Пельт сұхбаттың мынандай түрлерін атап айтады: «Сұхбат-монолог, әңгіме сұхбат берушінің ой-толғанысына негізделеді; сұхбат – хабарлама, баспасөзде кейіпкер сөзіне сілтеме жасай отырып журналистің болған әңгімені есеп тұрғысында баяндап беруі; сұхбат-диалог, сұрақ-жауап ретінде өтеді; сұхбат-суреттеме, әңгіменің мазмұнымен қатар әңгімелескен жағдай қоса баяндалады; сұхбат-пікір, нақты тақырып бойынша пікірлер қарастыру; сұхбат-анкета, қандай да бір мәселе жайында белгілі бір аудиторияның қоғамға маңызды пікірлерін анықтау» [14,34-б]. Зерттеуші сонымен қатар, сұхбат түріне пресс-конференцияларды да жатқызады. Журналистика теориясын зерттеуші ғалым М.И.Шостак: «Сұхбат-журналистің ой-өрісінен туындайтын жайт.. Сұхбат алушының басты мақсаты сұхбат берушінің пікірін, көзқарасын толықтай жетік білдіруіне ерік беру» [15,67-б],- дейді. Сұхбат жүргізудің негізгі мақсаты - қойылған сұрақтар бойынша нақты жауаптар мен ақпараттар алу болып табылады.
Редакция тапсырмасы бойынша сұхбат алу үлкен дайындықты қажет етеді. Оны бірнеше сатыға бөліп қарастырамыз. Бірінші сатысы - сұхбат алуға алдын-ала дайындалу, кейіпкермен танысу, оқиғамен таныс болу; екінші сатысы - сұрақтарды алдын-ала дайындау; үшінші сатысы - алдын-ала сұхбат алатын орынды дайындап алып, психологиялық тұрғыдан өзін-өзі дайындау. Сұхбат жанрының ерекшілігі ақпарат беріп қана қоймай, талқыланып отырған мәселе жайында сұхбат берушінің ойын, көзқарасын білу. Егер сіз сұхбатыңыз сәтті өтсін десеңіз, әрдайым сұхбат беруші адамыңыздың сөздеріне құлақ асып, оны мұқият тыңдап отырғаныңызды көрсетіңіз. Журналистика теориясын зерттеуші ғалымдар сұхбаттың мынадай ортақ ерекшеліктерін атап көрсетеді: сұхбат - журналистикадағы ең негізгі әдіс; сұхбат қашанда дайындықты қажет етеді. сұхбат журналистің жинақы, сабырлы болуын талап етеді.
Сұхбат жанрын мамандар дербес жанрға жатқызады, бірақ көп зерттеушілер ақпараттық жанрдың қасиеттеріне ие деп есептейді. Сұхбат – тілшінің сұрақтарына нақты тұлғаның (тұлғалар тобының) қоғамдық мүддесі бар жауаптары, тілші тұжырымды сұрақтарымен шектелмей, айтысып, жауаптарға түсініктеме беріп отыратын әңгіме түрлеріне де жатады. Профессор М.К. Барманқұловтың зерттеуі бойынша сұхбатты екі топқа бөледі: «Сұрақ қоятын адамның сипаты бойынша – интервьюер - тілші және сұрақ қойылатының сипаты бойынша – интервьюер-кейіпкер. Бірінші топқа ол келесіні жатқызады: сұхбат-ақпарат, сұхбат-көзқарас; екіншісіне – сұхбат-сезім және сұхбат-әлеуметтік сұрау» [16,56-б]. Сұхбат түрлері: сұхбат-монолог, сұхбат-диалог (классикалық сұхбат), эксклюзивті сұхбат, сұхбат-хабарлама, сұхбат-суреттеме және т.б. Сондай-ақ сұхбаттың кіші нысандары – сұхбат-экспресс, блиц-сұхбат. Көпшілік сұхбаттың қосымша түрлерін біле бермейді. Соңғы жылдары журналистика теоретиктері баспасөз-конференциясы, брифинг, сауалнама, «дөңгелек үстелдегі» әңгімелерді сұхбат жанрына жатқызып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет