Оқулық Атамұра 2017 Шыныбеков а н тақырыбы Шеңбер,дөңгелек олардың элементтері мен бөліктер



Дата14.04.2020
өлшемі18,89 Kb.
#62458
түріОқулық
Байланысты:
Шеңбер элементтері


Сыныбы

7 «А» 04.04.2020

Пәні

геометрия

Мұғалімнің аты-жөні

Шайыкова Е

Оқулық

Атамұра 2017 Шыныбеков А Н

тақырыбы

Шеңбер,дөңгелек олардың элементтері мен бөліктер.

Оқу мақсаты


7.3.1.31 нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;

7.3.1.28шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;



Оқушының аты-жөні






Іс – әрекет түрі

Ресурс

( Мұғалім толтырады)

Орындалуы

( оқушы толтырады)

Оқы

Сілтеме:

https://youtu.be/L6Nr6xFKcfc
https://youtu.be/ODZdYFEBB
Анықтама. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын шеңбер дейміз.

            Анықтама. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын еесіндіні шеңбердің радиусы деп атайды.

Анықтама. Шеңбердің бойындағы кез келген екі нүктені қосатын кесіндіні оның хордасы деп атайды.

Анықтама. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды.

Анықтама. Бірдей қасиеті бар нүктелерден тұратын фигураны нүктелердің геометриялық орны деп атайды.

Анықтама. Шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрышты центрлік бұрыш дейміз.



             ОА радиус. ОА=R. ОВ=R. R – радиус. (оқылуы «эр»)

<АОВ – центрлік бұрыш.

 АВ доғасы АВ хордасына сәйкес доға немесе АВ хордасына керілетін доға деп аталады.

АС – диаметр. D=R+R=2R

Диаметрге керілетін доғаны жартышеңбер дейміз.

Шеңберді циркульдің көмегімен сызамыз.

Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркульмен сызғыштың алғашқы пайда болғаны – сызғыш.

Рим ақыны Овидино(Іғ) циркульдің Ежелгі Грекияда жасалғанын айтқан.




Сұрақтарға жауап бер

  1. Шеңбер дегеніміз не?

  2. Шеңбердің элементтерін ата?

  3. Радиус дегеніміз не?

  4. Диаметр дегеніміз не?

  5. Хорда дегеніміз не?

  6. Дөңгелектің ауданын қалай табамыз?

  7. Шеңбердің ұзындығын қалай табамыз?

Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы қандай?



Орында

Центрі О нүктесінде және радиусы r₌3.5см, болатын шеңбер сызыңдар. Түрлі түсті қарындашпен радиусын жүргізіңдер.

Центрі О нүктесінде және радиусы r₌5см, болатын шеңбер сызыңдар. Түрлі түсті қарындашпен түрлі доғалармен хордалар жүргізіп, белгілеңдер






Үй тапсырмасы

Шеңбердің радиусы 5 см болса, оның ұзындығы  ... см болады.






Оқушымен кері байланыс

( ауызша бағалау немесе комментарий)

Білемін...

Білдім...



Білгім келеді...


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет