Сілтеме:
https://youtu.be/L6Nr6xFKcfc
https://youtu.be/ODZdYFEBB
Анықтама. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын шеңбер дейміз.
Анықтама. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын еесіндіні шеңбердің радиусы деп атайды.
Анықтама. Шеңбердің бойындағы кез келген екі нүктені қосатын кесіндіні оның хордасы деп атайды.
Анықтама. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды.
Анықтама. Бірдей қасиеті бар нүктелерден тұратын фигураны нүктелердің геометриялық орны деп атайды.
Анықтама. Шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрышты центрлік бұрыш дейміз.
ОА радиус. ОА=R. ОВ=R. R – радиус. (оқылуы «эр»)
<АОВ – центрлік бұрыш.
АВ доғасы АВ хордасына сәйкес доға немесе АВ хордасына керілетін доға деп аталады.
АС – диаметр. D=R+R=2R
Диаметрге керілетін доғаны жартышеңбер дейміз.
Шеңберді циркульдің көмегімен сызамыз.
Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркульмен сызғыштың алғашқы пайда болғаны – сызғыш.
Рим ақыны Овидино(Іғ) циркульдің Ежелгі Грекияда жасалғанын айтқан.
|