Байланысты: (K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы
10.3 «Геркулес» сұлы үлпектері Жармадан «Геркулес» сұлы үлпектерін өндірудің технологиялық
сызбанұсқасы 71суретте келтірілген.
Цехқа келіп түсетін сұлы жармасын дән сепараторына 1 бағыттайды,
ол жерде бөгде, оның ішінде металдымагнитті қоспалардан тазартады
және ұсақ жарма мен кебектен бөледі. Сепаратор металл штампталған
електермен жабдықталған, електер саңылау өлшемдері (мм) келесі:
қабылдау – 4х20, сұрыптау – 2,5х20, үстемелі – 1,5х15.
Құрамында ірі қоспалары бар қабылдау елегінің кетімін қалдықтарға
жібереді; үстемелі електен – ұсақ жарма мен майдалары да қалдық болып
табылады. Сұрыптау және үстемелі електердің кетімдерін бірге қосады
және келесі өңдеуге бағыттайды. Тазартылған жарманы ылғалы 8%
болғанға дейін кептіру аппаратында 2 кептіреді. Кептіруді, қыздырылған
ауаны кептіру агенті ретінде пайдаланатын кез келген конструкциядағы
аппараттарда іске асырады. Жарманы шахталы кептіргіштерде немесе
қайнау қабатты кептіргіштерде жүргізген жөн.
Жармадан сұлы үлпектерін қысқартылған сызбанұсқасы бойын
ша өндіруде, шикізатты тасымалдау мен өндірістен малазықтық қал
дықтарды шығару және де электр энергиясы мен отынға шығындар күрт
қысқарады.
Қысқартылған сызбанұсқасы сепараторда жарманы қосымша та
-
залау мен сұрыптауды және одан паддимашинада қауызсыздалмаған
дәндерді бөліп алуды, осы дәндерді бөлу алдында жарманы кептіруді
қарастырады.
Бұл, жарма өнеркәсібінде сұлы жармасын шектеуімен өндіреді,
олар «Геркулес» сұлы үлпектерін алу кезінде қабылдана алмайтыны
-
мен түсіндіріледі. Мысалы, жоғары сұрыпты сұлы жармасында 0,4%
қауызсыздалмаған мөлшері рұқсат етіледі, сұлы үлпектерін өндіруде
жаншу станогына түсетін жармада, бұл мөлшер 0,15% аспауы қажет.
Жарма зауыттардағы тауарлы сұлы жармасы қаптарға салынады,
сондықтан оларға бөгде заттардың түсіп кету мүмкіндігі (тігу жібінің
қиындылары, қап тігетін матаны түгі және т.б.) бар. Мөлшері жағынан
сұлы жармасының біркелкі болмауына байланысты ұсақ жарманы бөліп
алу қажет.