Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет122/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

есептеу және бақылау
Есептеу үшін дән сапасының келесі қөрсеткіштерін қолданады: 
та за ядро шығымы, қауыз, қиын бөлінетін қоспалар, бүлінген және 
қауызсыздалған дәндер мөлшері және ылғалдылық.
Осыдан басқа сұлы, арпа, жүгері және бұршақ дәндерінде шығым 
есебінде майда дәнді ескереді; күріш дәнінде – қызыл жемісті және 
тұқымды қабықшаларды, эндоспермі сарғайған және эндоспермі сынған 
және жарылған дәндер; бұршақта – ІІ типті бұршақ қоспасы және 
бұршақты дән қоңызымен (зерновка) зақымдалған дәндер, қатты би
-
дайда – жұмсақ типті бидай дәндерінің қоспасы.
Тары, күріш, қарақұмық дәндеріндегі қауыз мөлшерін келесі форму
-
ламен есептейді:
мұндағы: 
С
– шөп­шаламды қоспа, %; 
З
– дәнді қоспа, %; 
П
– қауыз­
дылық, %.
Сұлы дәніндегі қауыз мөлшерін анықтау үшін келесі формуланы 
қолданады:


282
мұндағы: М – 1,8х20 мм өлшемді саңылаулы елек арқылы өткен май
-
да дәндер, %; К – негізгі дәнге жатқызылатын бидай, полба, қарабидай 
және арпа дәндері, %.
Дәнді қайта өңдеу өнімдерінің нақты кеуіп кетуін келесі формула
-
мен анықтайды:
мұндағы: 
W
1
– дән тазалау бөліміне түскенде дәннің орташа өлшенген 
ылғалдылығы, %; 
W
2
– барлық өнімдердің (жарма, жемдік ұсақтар, май
-
да жарма, ұнтақ, қауыз, ал сұлы, арпа және бұршақ өңдеуіндегі майда 
дәндер) орташа өлшенген ылғалдылығы, %.
Тары, қарақұмық, күріш пен сұлыны жармаға өңдеуге базисты сапа 
көрсеткіштері болып таза ядро шығымы мен қауыз мөлшері қабылданған, 
күріш үшін қызыл жемісті және тұқымды қабықшалары бар дәндердің 
мөлшері, ал сұлы мен арпада – майда дәндердің мөлшері қосымша нор
-
маланады (83­кесте).
83-кесте
Дән сапасының базисті көрсеткіштері
Дақыл
Таза ядро 
шығымы, %
Қауыз, 
%
Майда 
дән, %
Қызыл жемісті және 
тұқымды қабықшалары 
бар дәндер, %
Тары
76
18


Қарақұмық
75
22


Сұлы
65
27
5

Күріш
76,5
19

2
Арпа, бұршақ, жүгері және бидай өңдеуде базисті нормалар шөп­
шаламды, дәнді қоспалар және майда дәндердің мөлшеріне қойылған. 
Шығымын есептеуде жарма, жанама өнімдер мен қалдықтардың норма
-
ланатын шығымын және дән сапасының базисті көрсеткіштерінен баста
-
лу керек. Бұл мәліметтер «Жарма зауыттарында технологиялық үдерісті 
жүргізу мен ұйымдастыру ережелерінде» (Ережелер) бар.
Күріш пен қарақұмықта ұсақталған жарманы негізгі өнімге, ал басқа 
дақылдарда (тары, сұлы, бұршақ) – қосалқы өнімдерге жатқызады.


283
Егер дән сапасы базисті нормаларға сай келмесе өнім шығымына 
түсірме мен үстеме нормалары қойылған.
Тары, күріш, қарақұмық және сұлы дәндерінде таза ядро шығымы 
базисті нормалардан жоғары болса жарманың барлық сұрыптарына, 
ұсақ жарма мен ұнтақтың шығымына үстеме беріледі, ал олардың 
мөлшері базисті нормалардан төмен болса – сәйкес өлшемде түсірме 
жүргізіледі. Бұл түсірме мен үстемелерді І және ІІ категориялы қал­
дықтары шығымының нормалары өзгеру есебінен жүргізеді. Түсірме 
мен үстемелер жарма түрі бойынша Ережелерде көрсетілген.
Қауыздың мөлшері базисті нормаларға сай келмеуі кезінде І және ІІ 
категориялы қалдықтары шығымының өзгеріуіне байланысты қауыз бен 
ұнтақ шығымы әр пайызға артады немесе төмендейді.
Әр 0,1% қарақұмықтың бүлінген дәндеріне бірінші сұрыпты бүтін 
қарақұмық жармасының шығымы нормасының төмендеуі есебінен 
2%­ға екінші сұрыпты бүтін қарақұмық жармасының шығымы норма
-
сы 0,5%­ға артады. Таңдап алу нормасы келесі өнімдерге қойылмайды: 
0,7%­дан артық бүлінген дәндері бар қарақұмықты өңдеуде бірінші 
сұрып бүтін жармасына; 1%­дан артық бүлінген дәндері бар тарыны 
өңдеудегі тарының жоғары және бірінші сұрыптарына; 0,4%­дан жоғары 
бүлінген дәндері бар сұлыны өңдеуде жоғары сұрыпты жармаларына. 
Бұл жағдайларда нормаға нақты шығымды қабылдайды.
Тары мен қарақұмық дәндерінде қиын бөлінетін қоспалар болған 
жағдайда осы қоспаларымен нақты таңдап алынған қалыпты дәндердің 
әр пайызына базисті шығымы пропорционалды І және ІІ категориялы 
қалдықтар шығымы нормаларының есебінен жарма, ұсақ жарма,
 
ұнтақ 
пен қауыз шығымының нормасы төмендейді.
Егер майда сұлы немесе арпаны бөліп алмай өңдеуге жіберсе, оның 
шығымының нормасы төмендейді және шығарылатын жарма түріне 
сәйкес Ережелерде нормаланған өлшемдегі жарма шығымы артады.
Арпа, бұршақ, жүгері және бидай дәндерінен жарма өңдіруде түсірме 
мен үстемелерді шөп­шаламды және дәнді қоспалардың бар болуына 
байланысты жүргізеді.
Майда бұршақ мөлшері базисті нормалардан көп немесе аз болуы 
майда бұршақ және бірдей деңгейде І және ІІ категориялы қалдықтар 
шығымы нормасының төмендеуі немесе жоғарылауы есебінен жарма, 
ұнтақ және қауыз шығымы нормасының жоғарылауы немесе төмендеуіне 
әкеледі.
Базисті нормалардан жоғары ІІ типті бұршақ дәндерінің қоспасы 
болған жағдайда ұнтақ, ұсақ жарма және қауыз шығымының артуы 
есебінен аршылған асбұршақ шығымы төмендейді.


284
Базисті нормалардан жоғары жұмсақ бидай қоспасы бар қатты бидай
-
дан Полтав жармасын өңдеуде жарма шығымы төмендейді және жемді 
ұнтақ шығымы артады.
Шығымды есептегенде «Өндіріс корпусын тазалау және дәнді өңдеу 
нәтижелері туралы акт» деген арнайы бланкын қолданады. Алдымен 
онда өнімнің базисті шығымы және дәндердің нақты сапасы қойлады. 
Сосын базисті нормалардан дәндердің нақты сапасының ауытқуын 
есептейді. Анықталған ауытқулар бойынша Ережелерде келтірілген нор
-
ма бойынша түсірме мен үстемелерді есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет