Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет149/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

№10 зертханалық жұмыс 
ГИДРОТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУДІҢ ҚАРАҚҰМЫҚТЫҢ 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСЕИТТЕРІНЕ ӘСЕРІ
Жұмыс мақсаты: 
Гидротермиялық өңдеудің түрлі режимдерінің 
дәннің технологиялық қасиеттеріне, құрылымына, сыртқы түрі мен дән 
түсіне әсерін зерттеу.


340
Алдын ала ескерту.
Жұмысты екі­үш білімгерден ғана тұратын топ 
жүргізеді. Гидротермиялық өңдеу режимі параметрлерін (бу қысымы, 
булау экспозициясы, дәнді кептіру агентінің температурасы) оқытушы 
көрсетеді. Паралельді топқа параметрлердің басқа мәндері бар тапсыр
-
ма беруге ұсынады. Бұл жағдайда гидротермиялық өңдеуден өтпеген 
дәннің технологиялық қасиеттерімен салыстырғанда гидротермиялық 
өңдеу режимінің кең диапазонының нәтижелерін алу және талқылауға 
болады.
Құрылымды­механикалық өзгерістерді анықтауға арналған қажетті ап
-
парат болмаған жағдайда көзбен алуға болады, сосын ұштарында жемісті 
қабықтары қалған дән мөлшерін пайызбен санауға, дән шынылығының, 
оның сыртқы түрі мен түсінің өзгеруін анықтауға болады.
Тапсырма.
Қоспадан тазартылған қарақұмық үлгісін гидротермиялық 
өңдеуге және келесі қауыздауға ұшырату және гидротермиялық өңдеуді 
өтпеген сол дән үлгісін қауыздау нәтижелерімен салыстыру.
Жұмыстың мазмұны және орындалу тәртібі.
Қоспалардан тазар­
тылған қарақұмықтан массасы 600 г үлгі алу. Осы мөлшерден 400 г­ды 
гидротермиялық өңдеуге ұшырату, ал 200 г­ды бақылау қауыздау үшін 
алып қою. Бастапқы үлгінің ылғалдылығын анықтау.
Булағыштағы қысымды берілген қысымға дейін жеткізу және қажетті 
уақытта ұстау. Сосын қыздыруды өшіру және қысымды түсіру. Қысым 
атмосфералыққа дейін төмендегенде қақпағын мұқият ашып дәні бар 
кассетаны алу.
Булау кезінде кептіру шкафын 90­100°С­ға дейін қыздыру. Дәні бар 
кассетаны кептіру шкафына салу және 13,5% ылғалдылыққа дейін 
дәнді кептіру. 10­15 мин өткеннен кейін кассетадан шамамен 1/3 дәнді 
алу, жұқа қабатпен жаю және 10 мин аралығында салқындату. Үлгіден 
өлшендіні ылғалдылыққа алу, ал қалған мөлшерін зертханалық білікті 
декалық станоктан өткізу. Сосын тағы 10­15 минут өткеннен кейін 
кассетадан қалған дәннің жартысын алу, сондай­ақ салқындату және 
ылғалдылыққа өлшендіні белгілеу. Қалған дәнді білікті декалық станок
-
тан өткізу. Тағы 10­15 минут өткеннен кейін кассетада қалған дәнмен 
қайталау.
Осы үш үлгіден ылғалдылығы 13,5%­ға жақын өлшендіні алу. Осы 
қауыздалған өлшендіні саңылаулар 1,6х20 және №080 електерінде елеу. 
Алынған үш фракцияны өлшеу. №080 елек өтімі – ұнтақ, (1,6х20) мм / 
№08 фракциясы – ұсақ жарма (продел), ал 1,6х20 мм елек кетімі – қауызы 
бар қауыздалған және қауыздалмаған дәндер қоспасы. Бұл кетімді аспи
-
рационды колонкада немесе аспираторда елеу және алынған қауызды 
өлшеу. Алынған ұнтақ 
M
, продел 
d
мен қауыз 
Л
массаларын үлгінің 


341
жалпы массасына пайызбен белгілеу және 105­кестеге ұқсас кестеге 
енгізу.
Сондай­ақ қауыздалған және қауыздалмаған дәндер массасын және 
оларды төмендегі формула бойынша үлгінің жалпы массасына олардың 
пайыздық мөлшерін анықтау.
мұндағы: 
G
– қауыздалған және қауыздалмаған дән қоспасы, 
К
– 
қауыздалған дән, 
Н
– қауыздалмаған дән, 
Р
– жалпы масса.
Қоспа құрамын анықтау бойынша анализді жеңілдету үшін 10 г 
өлшенді алынады, оларды қауыздалған және қауыздалмаған дәндерге 
бөледі. Қауыздалған дәндерді өлшейді және үлгідегі қауыздалған және 
қауыздалмаған дәндердің пайыздық мөлшерін төмендегі формулалар 
бойынша анықтайды. Алынған нәтижелерді кестеге енгізеді.
мұндағы: а – 10 г өлшендіден алынған қауыздалған дән массасы
Алдыңғыға ұқсас қауыздау және арпа дәнінің бақылау үлгісін 
сұрыптау. Бастапқы өлшендіге өнімдер шығымын пайызбен анықтау 
және өңдеу нәтижелерін кестеге енгізу.
Екі өлшендіні салыстырмалы қауыздауда қауыздау режимі (саңылау 
және біліктің айналма жылдамдығы) бірдей болуы керек.
Қауыздау нәтижелері бойынша гидротермиялық өңдеу режимінің 
ядрица мен продел шығымына, қауыздаудың технологиялық тиімділігіне, 
дән құрылымының түсі мен беріктігінің өзгеруіне әсері жайында 
қорытынды жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет