Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет23/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

16-сурет
. Астықты тазалау операцияларының бірізділігі
1 – автоматты таразы; 2 – сепаратор; 3 – магнит сепараторы
4 – қылтанақ тазалағыш; 5 – рассев; 6 – тас бөлгіш машина; 
7 – куколь тазалағыш дискілі машина; 8 – дискілі қара сұлы тазалағыш; 
9 – тас бөлгіш тексеру машинасы; 10 – жарма сұрыптағыш машина
11 – пневмосұрыптағыш машина; 12 – аспиратор; 13 – циклон; 
14 – сорғыш сүзгі; 15 – желдеткіш
Топталған партияны элеваторда тазалап жарма зауытына жібереді. 
Алдын ала тазаланған астықтың сапасы мен мөлшерін анықтап 
зауытқа күндізгі уақытта береді. Астық тазаланбаған қорапқа құяды, 
оның сыйымдылығы зауыттың тәулік бойы үздіксіз жұмысын 28 
сағат қамтамасыз ететін болуы қажет. Астықты қораптардан авто
-


42
матты таразыға береді, оның жібергіш қабілеттілігі зауыттың қуатын 
қамтамасыз ететіндей таңдайды. Астықты тазалауға дейін және таза
-
лаудан кейін автоматты таразыда өлшеу қажет. Таразылардың өлшеу 
көрсеткіштері айырмашылықтары бойынша алынған қалдықтардың 
мөлшерін анықтайды.
Отандық жарма зауыттарында қоспалардан тазарту екі немесе үш рет 
бірізділікпен сұрыптаудан өткізеді. Алғашқы сұрыптау жүйесінде негізгі 
массадан ірі, майда және жеңіл қоспалардан тазалайды.
Бірінші сұрыптау жүйесінің сұрыптау електерінде, үдеріс тиімді өту 
үшін, електің екі өлшемдерін қояды: електің бірінші бөлігінде (астық 
түсетін жағында), жүктеме көп келеді, електің саңылауын үлкендеу ала
-
ды, ал екінші бөлігіне саңылауын кішілеу алады. Сұрыптау електерінің 
саңылауын сұрыпталатын дақылдың ірілігіне байланысты таңдайды, осы 
електен өткендері барлық астық болғанын мүдделейді, ал өтпегендері 
ірі қоспа болуы қажет. Осы жүйенің төменгі елегінен өтпегендері негізгі 
массаны құрайды, ал осы електен өткендері майда қоспаны (құм, жа
-
байы өсімдіктердің дәндері, майда қоспалар) құрайды (електердің 
саңылаулары 5­кестеде келтірілген).
5-кесте 
Жарма зауытының сұрыптауыштарының 
електері саңылаулары, мм
Дақыл
Қабылдау
Сұрыптау
Астыңғы 
елек
Астыңғы 
елек, майда 
дәнді бөлу
бірінші 
жартысы
екінші 
жартысы
Күріш
Ø10
Ø6,5 – 6,0 Ø5,5 – 4,5 Ø3,2
Ø2,2х20; 3,6
Тары
Ø4,5
Ø3,5­4,0
Ø3,6
Ø1,4х20
Ø1,5­1,6х20
Қарақұмық Ø12
∆8
Ø7,0­7,5
Ø2,0­20
Ø2,4х20
Сұлы
Ø15
Ø4,5х20
4х20
Ø1,8х20
Ø2,0(2,2)х20
Арпа
Ø15
Ø4,5х20
4­4,2х20
Ø2х20
Ø2,4х20
Бидай
Ø10
Ø3,6х20
3,4х20
1,7х20
Ø2,0х20
Ас бұршақ Ø15
Ø10
Ø10
Ø5
Ø5,5
Жүгері
Ø15
Ø12
Ø10
Ø5­5,5
Ø5,5
Жасымық
Ø12
Ø4х20
3,5х20
Ø4,5
Ø5,0


43
Шөгінді камераға, жарамды дәнді іліп алмай, жеңіл қоспалардың 
көп түсуін қамтамасыз ететін бағытта аспирациялық бөлімнің жұмысы 
қарқынды болуы қажет. Аспирациялық каналда, негізгі астықты 
ұшырмайтын және жеңіл қоспалардың бөлінуі максималды болуын 
мүдделейтін ауа жылдамдығын таңдау қажет. Ол үшін аспирациялық ка
-
налда ауа шығынын реттеуішті орнатады. Бірінші сұрыптағыштан соң, 
металлмагнит қоспаларын бөлу үшін магнит қондырғысын орнатады, 
ал кейбір жағдайларда, елегіштің құрылым ерекшелігіне байланысты, 
соңғы електің ені бойына магнит қондырғысын орнатады.
Қоспаларды және әлжуаз, майда дәнді ажыратып алу мақсатымен 
астық массасын екінші және үшінші елек жүйелерінен өткізеді. Осы 
жүйелердің сұрыптауыш електерінің саңылауын, алғашқы жүйемен 
салыстырғанда, дәннің өлшеміне жақын алады. Майда дәнді және 
майда қоспаларды жоғарғы деңгейде бөлу мақсатымен астыңғы 
електердің саңылауын, бірінші жүйемен салыстырғанда, екінші және 
үшінші жүйелерде үлкендеуін таңдайды. Осы електерден өткендерінің 
құрамындағы майда және әлжуаз дәнді бөлуде тексеруді мұқият жүр­
гізеді.
Күріш, тары, ас бұршағын және жүгеріні сұрыптауда сұрыптау 
елегінің саңылауын дөңгелек, ал сұлы, бидай, арпа және жасымық үшін 
бойлық саңылаулы, қарақұмық үшін саңылауы үшбұрышты електерді 
таңдайды.
Cұлы зауыттарында қылтанақ бөлгіштерді екінші сұрыптау жүйесінен 
кейін орнатады. Қылтанақты алғаннан кейін жеңіл қоспаларды аспира
-
торларда немесе үшінші елеу машинасын қолданады.
Майда әлжуаз және ластанған астықты тазалау және астықты фрак
-
циялау үшін рассевті қолданады. Ірілігі бойынша сұрыпталған фракция­
лар тек геометриялық өлшемдері емес қоспалар құрамы және физика­
механикалық қасиеттерімен ерекше: натура, 1000 дәннің салмағы, 
тығыздығы және ауамен ұшыруы. Осы ерекшеліктері фракцияларды 
жеке өңдеуде, үдерістің тиімді режимдерін қолдануға мүмкіндік береді 
(триерлердің ұяшық саңылаулары, ауа ағымының жылдамдығы және 
түрлі астықты тазалағыш жабдықтары).
Рассевте ірілігі бойынша екі фракцияға сұрыпталынған астық ми
-
нералды қоспаларды бөлу үшін тас бөлгіштерде жеке тазалаудан өтеді, 
содан кейін триерлерге жіберіледі. Минералды қоспаларды бөлудің 


44
нәтижесінде триер дискілерінің ұяшықтары ұзақ қызмет етеді. Арпа мен 
бидайдың майда фракцияларын тек триер­қарамықшадан, ал ірілерін – 
триер­қарасұлы бөлгіштен өткізеді. Бір ағымда тазалауда алғаш триер­
қарамықша бөлгіштен содан кейін қарасұлы бөлгіштен өткізеді. Содан 
кейін аспиратолардан және магнит кедергілерінен өткізіп, автоматты та
-
разыда өлшеп тазаланған астыққа арналған қораптарға бағыттайды. Со
-
дан кейін гидротермиялық өңдеуге жібереді.
Жарма дақылдарының технологиялық сұлбасын жобалауда қаралған 
жалпы негіздерді мүдде тұтып, әр дақылдың ерекшеліктеріне сәйкес 
кейбір толықтырулар енгізіледі.
Асбұршағын және жүгеріні қоспалардан тазалау әртүрлі жабдықтарды 
және күрделі технологиялық амалдарды қолдануды қажет етпейді. 
Өйткені бұл дақылдардың дәндері, басқа дақылдармен салыстырғанда, 
ірі және қалқу жылдамдығы едәуір жоғары келеді. Ас бұршағы және 
жүгеріні қоспалардан тазалауда кезекпен екі рет астық тазалағыштардан 
өткізеді, сұрыптау елегінің саңылауы диаметрін 5 мм орнатып, астықтағы 
негізгі астық қоспасын және басқа қоспаларды бөліп алады. Бұл 
жағдайда сұрыптауыштың желдеткіш қондырғысының ауа қозғалысын 
қарқынды алады (ас бұршағын тазалауда ауа жылдамдығын 9­12 м/с 
және жүгері үшін – 8­10 м/с), ал бұл жылдамдықтар қиын бөлінетін 
арам шөптерді, желінген және зақымдалынған қоспаларды бөліп алуға 
мүмкіндік тудырады. Сұрыптауыш және магнит бөлгіштерден кейін 
астық тас бөлгіштерден өтеді, ал ас бұршағы, кейбір жағдайда, қосымша 
ас бұршағы тазалағыштарда (құндылығы төмен ас бұршағы, жасымық 
және басқа қоспаларды бөлу үшін) өңделеді.
Астық тазалағыш машиналарының кәсіби жұмысы қоспаларды 
молынан бөлуді қамтамасыз етуі қажет. Жүйелерде орнатылған 
сұрыптауыштар және желдеткіштер құрамында негізгі астық дәні бол
-
майтын ірі қоспаларды толық ажыратып, майда және жеңіл қоспаларды 
95% жоғары бөлуі қажет. Қысқа қоспаларды және арам шөпті бөлгіш 
триерлер арамшөп пен майда қоспаларды астық массасынан 90 пайыз
-
дан артық бөлуі қажет, ал қара сұлы бөлгіш арпа мен қарасұлы – 80­нен 
кем емес. Астықты дайындау бөлімінің астықты тазалау үдерістерінің 
технологиялық тиімділігі тазалауға түсетін және тазалаудан кейінгі сапа 
көрсеткіштерінің айырмашылықтары арқылы сипатталады.
Тазалаудан кейін астықты қайта өңдеуге жіберілетін астықтың 
ұсынылған нормалы көрсеткіштері 6­кестеде келтірілген.


45
6-кесте
Тазалаудан өткен астықтың сапа көрсеткіштері, %
Дақыл
Ылғалы
Шөп­
шалам
Минерал­
дар
Арам 
шөп
Қара күйе, 
күйе
Горчак, 
вязель
Күріш
14,0
15,5
0,4
0,4
0,1
0,1


-
–­
Қара­
құмық
12,5
13,5
0,5
0,5
0,1
0,1






Тары
13,5
14,5
0,3
0,1

0,03
0,02
Сұлы
10,0
0,3
0,1
0,1
0,03
0,02
Арпа
15,0
0,4
0,1

0,03
0,02
Бидай
14,5
0,4
0,1
0,1
0,03
0,02
Ас 
бұршағы
14,0
15,0
0,5
0,05



Жүгері
16,0







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет