62
Електің елеуіштігі – елеудің алғашқы этапында електің бір өлшемінен
өтетін заттардың салыстырмалы мөлшері жоғары, одан кейін азаяды.
Бұл тежелуді төмендегіше түсіндіруге болады: бастапқыда електен
өтетін заттар көп мөлшерде, содан кейін қаспада ол заттар азаяды, ірі
заттар (өлшемдері елек саңылауына жақын), електен өтетін, басымдау
келеді, бірақ олар електен қиындау еленеді, көбірек уақытты талап етеді.
Сұрыпталған астықтың мөлшері електің нақты елеу бетіне тәуелді; бұл
жағдайда елек бетіне қозғалатын заттың салыстырмалы жылдамдығы
көп болмай бірқалыпты байсалды. Жарма дақылдарының елек бетіндегі
динамикалық үйкеліс коэффициенті бірдей емес, мысалы, құрғақ тары
дақылының металл тканьды елек бетіндегі үйкеліс коэффициенті 0,29,
қарақұмық 0,38, елеу үшін әр дақылдың үйкеліс коэффициентін ескеріп
елек бетінің ылдилығын таңдайды, ал кривошиптің айналу саны оның
радиусына байланысты. Елек бетінің ені бойынша астықпен бірқалыпты
толуы түсетін астықтың қөлеміне лайықты таңдалады.
Елек бетін толық пайдаланып, жүктеме бір қалыпты елек енін тол
-
тырып, елек саңылауларын уақтылы тазалап, астықты мөлшерден көп
бермей үдерісті Ережеге сай жүргізу қажет. Астықты көп берсе, онда
сырғыма өнімде електен өтетін заттар қалады және майда фракция
сырғыма (електен өтпеген өнімдер) өнімдермен бірге кетеді.
Елеу барысында електе астық өзіндік сұрыпталу үдерісі өтеді.
Толмаған және тығыздығы төмен дән қоспаның бетіне қалқиды. Жақсы
толған майда дән астыңғы қабатқа жиналып ертерек еленеді. Егер
сырғыма өнімде майда заттар болса, онда ол толмаған майда дән.
Електі рамасы ылди орналасқан, астық қабылдаудан шыққанша
бір шама жол жіретін (орташа 2 м), сұрыптауыш машиналар астықты
қоспалардан тазартуда, фракцияға колибрлеуде, нөмірлі жармаларды
алуда қажетті жабдықтар қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: