20-сурет
. Қауыздауға арналған білікті декалық
станоктың жұмыс органдары
Вальцедекалы станоктың тиімді жұмысына деканың сапалылығы
зор әсер етеді. Қазіргі кезде декаға ақ резина шығара бастады (қара
резина ядроны ластайды), ол резинаның тұрақтылығын қамтамасыз
етеді – төзімді, қауыздау тиімділігі жоғары. Ол серпімді қаттылық
комплексімен сипатталынады: қатты, мықты, динамикалық төзімділігі
мен динамикалық модуль серпімділігі жоғары. Қабат аралықтарында ма
-
тадан жасалған жіп жіберілген (деканың 25 мм қалыңдығына 47), оның
болуы деканың мықтылығын арттырады, резинаның жұмыс ұзақтығы
ұзарады. Вальцедекалы станоктар бір немесе екі декалы болады. Бір
декалы станоктарда астықты толық қауыздау үшін екі немесе үш рет
67
қауыздау қажет, ал екі декалы станоктарды қолданғанда қауыздау тек
екі рет жүргізіледі. Қазіргі кездерде екі декалы станоктарды қолдану
тиімдірек (21сурет).
21-сурет
. Тары қауыздауға арналған екі декалы станок
Бірінші декада өңделгендері, қауыздалған және қауыздалмаған
өнімдер, екінші дека зонасына түседі, осындай декада екінші рет
қауыздалады. Екі декалы станокта, бір декалымен салыстырғанда жұмыс
зонасы көбейтілгендіктен қауыздау коэффициенті жоғары, қауыз толық
алынады.
Резиналы станоктарда қауыздау. Гүлді қауызы дәнді толық қам
тыған, ядромен бірікпеген, күріш дәнін валогі резинамен қапталған
қауыздағышта өңдейді. Күріш дәні қоректендіргіш рөлін атқаратын
білік арқылы резинамен қапталған, айналу жылдамдықтары бірдей
емес, бірбіріне қарамақарсы айналыста болатын екі білік ортасына
береді (22сурет). Жылдам айналатын білік жылжымайтын подшипник
-
ке орналасқан, ал екіншісінің жылдамдығы біріншісінен аз айналмалы
подшипникке орналасады, ол қосу және іске қосу механизмімен және
жұмыс саңылауын реттегішпен жабдықталған.
|