I БӨЛІМ
ЖАРМА ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1-ТАРАУ
ЖАРМА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1.1 Жарма өндірісінің дамуы
Жарма дақылдарын өсіру айтарлықтай дамыды, әсіресе күріш
дақылы. Осыған байланысты қайта өңделіп, даяр өнімдерді өңдеу тех
-
нологиясы дамып, даяр өнімдер ассортименті және мөлшері арта ба
-
стады, оны 1суреттен анық көруге болады. Соңғы талаптар бойын
-
ша жарма дақылдарын өндіруге аса көңіл бөлінуде, әсіресе күріш
дақылын. Кү ріш өнімдерін өндіру соңғы жылдары екі есеге артты.
Шын мәнінде, жар ма өндірісі жаңа технологияға көшті, жоғары өнімді
жабдықтармен қам тамасыз етіліп, дүниежүзілік талаптарға сәйкес
келетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік туды, прогрессивті жаңа техно
-
логия ендіру нәтижесінде жапалақ, тез пісетін сіңімділік қасиеті жоғары
жарма өнімдері технологиясы іске қосылды.
1-сурет
. ҚР кәсіпорындарында жарма өндірісінің өсуі
1 – барлық жарма түрінің өндірісі, %; 2 – күріш жармасы өндірісі,
жалпы өндірістік, %
11
Жарма зауыттары күрделі, бірнеше ғимараттардан тұрады, мысал
ретінде күріш зауытын келтіруге болады (2сурет).
Ғалымдар және тәжірибешілер жарма технологиясы бойынша көптеген
зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде тиімді өңдеу режимдерін
ұсынып, оларды жүзеге асырып, жарма өнімдерінің ассортименті көбейді,
сапасы жоғары жарма өнімдерін алуға үлкен септігін тигізді.
Жарма өндірісі алдында тұрған маңызды мақсаттар: дәнді пайда
-
лану коэффициентін көбейту, өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту,
ассортиментін кеңейту, технологиялық потенциалын кеңінен пайдала
-
ну, өндіріс қалдықтарын толығымен тиімді пайдалану.
Жарма өндіру технологиясы – астық дақылдарын қайта өңдеп жар
-
ма және тез пісетін өнімдерді өндіру туралы ғылыми пән. Бұл жар
-
ма шикізаттарын ең жақсы пайдалану әдістерін және технологиялық
жабдықтардың оптималды жұмысы жағдайын, өндіріс үдерістерін тиімді
жүргізуді және келешекте жетілдіруді қарастырады.
Жарма зауыттарының технологиялық үдерістерінің негізгі мақсаттары:
астық массасынан қоспаларды және адам организмі сіңірмейтін
қабықтарды бөліп алу. Қауыздалған өнімдердің сапасын арттыру және
сырт пішінін жақсартуды мүдделеп түрлі операцияларды қолдану.
Жарма өте құнды тағамдық өнім. Онда сіңімділігі жоғары және
тұтынушылық қасиеті маңызды қоректі заттар шоғырланған. Жарманың
сіңімділік және тұтынушылық құндылығын оның физикалық, коллоидтық
және биохимиялық қасиеттері сипаттайды, ал олар қайта өңделетін
шикізаттардың табиғи ерекшеліктеріне және қолданатын технологиялық
үдерістер әдістері мен режимдеріне тура тәуелді.
Қайта өңделетін дақылдың табиғи қасиеттерін (анатомиялық
құрылымы, технологиялық және физикалық қасиеттері), кездесетін
қиын бөлінетін қоспаларды, қолданылатын әртүрлі өңдеу режимдерінің
құрылымдықмеханикалық, биохимиялық өзгерістеріне әсерін жете
біліп, тиісті тиімді өңдеу әдістерін, механикалық, гидротермиялық өңдеу
режимдерін қолданып, қажетті сапалылығын, сырт түрі, түсі, дәмі, иісі
үйлесімділігін келтіріп, жарманың сіңімділігін арттыруға болады.
Қазіргі жарма зауыттарының технологиялық үдерістері үш бөлім
дерде (цехтарда) орындалады: астықты тазалау, гидротермиялық және
қауыздау.
Астықты тазалау бөлімінде астықты қайта өңдеуге дайындайды.
Сондықтан, көп жағдайда, оны дайындау бөлімі деп атайды. Бұл бөлімде
қоспаларды және басқа дақылдар немесе жабайы өсімдіктер дәнін,
дамымаған және әлжуаз дәндерді бөліп алады, қылтанақты шағады,
астық дәнін ірілігі бойынша топтайды.
12
Жарма зауытының гидротермиялық бөлімінде тазаланған астықты
ылғал және жылумен өңдейді. Қарақұмық, сұлы, күріш, ас бұршағы
және жүгері дақылдарын гидротермиялық өңдеуден өткізіп, алынатын
өнімдердің технологиялық, тұтынушылық және тағамдық құндылығын
арттырады (ядроның мықтылығы артады, соның нәтижесінде жарма
шығымы артады, пісіруге кететін уақыт қысқарады, сіңімділік азаяды).
2-сурет
. Күріш зауыты ғимаратының жалпы көрінісі
1 – силос корпустары; 2 – жұмыс мұнарасы; 3 – элеватор мен зауыт
арасындағы галерея: 4 – қалдықтар цехы; 5 – күріш зауыты;
6 – даяр өнімдер қоймасы және қосалқы орындар
Қауыздау бөлімінің технологиялық үдерісінің негізгі мақсаты –
қауызды және организм сіңірмейтін қабықты ажыратып алу, ұрықтық
бүршікті алу, жармаға қажетті форманы жасау, жарманың сырт пішінін
жақсарту және өлшемдері бойынша біркелкі болу үшін сұрыптау.
Зауыттың соңғы операциясы – даяр өнімдерді қаптау немесе пакет
-
терге буыптүю.
Жарма зауыттарының қуатын, жарма өндіру және жапалақтар алуды
ескергенде, 150ден 600 т/тәулігіне лайықты жобалайды, ал қазіргі кез
-
де, тұтынушылық қабілеттілікті ескеріп, шағын цехтар салынуда.
Жобалау ережесіне сәйкес жарма зауыттары шикізат өндірілетін
аймаққа жақын ораласады. Қазіргі кезде нарықтық заманға сәйкес бұл
қағида орындалмауда.
Жарма зауыттарының күрделі технологиялық үдерістерін игеру үшін
жоғары квалификациясы бар мамандармен қамтамасыз етілуі қажет.
13
Егеменді елде мемлекеттік тілде мамандар дайындау өзекті мәселердің
бірі болып саналады. Олай болса мемлекеттік қазақ тілінде жазылған
осы оқулық мәселені шешеді деп сенеміз.
Авторлардың астықты қайта өңдеу аумағындағы ғылыми зерттеу
жұмыстарының түйінділерін отандық және шетел ғалымдары мен
практиканың жетістіктерін мейлінше қолданып, оқулықта келтірді.
Достарыңызбен бөлісу: |