Обойкалы машиналарда қауыздау
. Жарма зауыттарында ұрғыш
әрекетті машиналарды (обойкалар), ядросы мықты дақылдарды (арпа,
бидай) және иілгіш ядросы омырылғыш емес ылғалы 13% аспайтын
сұлыны қауыздау үшін қолданады.
Обойкалы машиналардың қуаты жоғары, қызмет ету жеңіл, жиі
жөндеуді қажет етпейді, бірақ ісәрекетінде ядро көбірек майдаланады.
Обойкалы машиналарға жүктеме беру және жұмыс режимдері
технологиялық бағытына, қайта өңделетін дақылдың анатомиялық
құрамына, құрылыммеханикалық қасиеттеріне және дәннің ылғалына
байланысты.
24-сурет
. Обойкалы машинаның схемасы
Обойкалы машиналарға (24сурет) астық абразивті целиндрдің баста
-
масына беріледі, ұрғыш қалақтарының ылди орналасуы нәтижесінде ішкі
беті бойынша шыршықты айналыспен өнім қарсы беттен шығады. Дәннің
73
машинада болу ұзақтығы қалақты ұрғыштың айналу жылдамдығына
және қалақтың ылди орналасу бұрышына байланысты, орташа 36 с.
Көптеген қайталап ұру және жұмыс бетіне үйкеу нәтижесінде қауызы
ядродан алынады.
Қалақ дәнді кедірбұдыр бетке қиғаш күшпен ұрады. Соғу күшін
P
,
кедірбұдыр бетке қысатын, қарапайым
N
және қиғаш күшке бөледі, осы
күштің әсерінен дән бет бойынша жылжиды.
Дәнге үйкеліс күші
F = fN
, мұндағы
f
– үйкеліс коэффициенті әрекет
етеді. Әрекет күші тұрақты жағдайда, бұрыш көп болса
N
күші жоғарғы
деңгейде болып Т күші азаяды. Негізінде
T
күші
fN
нен артық болуы
қажет, сонда
A = T + fN
күші әсерінен дән өткір кедірбұдыр бетпен жыл
-
жып, қабығынан босайды. Қалақты ұрғыш машинасының жұмысын рет
-
теуде, қабықты ажырататын деңгейдегі күш беретін, қалақтың радиалды
қажетті бұрышын таңдайды, ал үйкеліс күші
T
дәннің кедірбұдыр бетпен
қозғалуын қамтамасыз етуі керек.
N
күші жоғары болған жағдайда ядро
майдаланады. Қалақтардың бірдей айналу жылдамдықтары және масса
-
лары тең дәндер үшін соғу күші (
mv
2 / 2) әр дәнге бірдей күш келеді. Бірақ
дәннің бетіне түсетін қысым ұрылатын беттің көлеміне тәуелді келеді.
Сопақша дән ұшымен соғылғанда (кіші бетімен соғылғанда) меншікті
қысым, үлкен бетімен салыстырғанда, басым келеді. Қалақтардың дәнге
әсер ететін күшін машинаны жөндеу кезінде реттейді: қалақтар мен
жұмыс бетінің аралығы және қалақтардың ылди орналасуы. Егер дәнге
әсер ететін күш жоғары болмауы қажет болса (қылтанақты және құрғақ
сұлыны қауыздауда), онда жұмыс аралығын алшақтату керек. Ұрғыш
қалақтың ылдилығын көбейткенде, астықтың жүру жолы қысқарады,
оған әсер ететін күш шамасы азаяды.
Айналатын қалақты болат тілімдерден жасайды, ал жұмыс беті –
абразивті массадан. Ылғалы 13% сұлыны өңдеуде жұмыс бетті қырлы
болат өзектерден немесе жұмыр қиынды болаттан жасайды.
Ылғалы 14% жоғары, ядросы иілімді, қабығының құрылымы тұтқыр
дәнді, құрғақ дәнге қарағанда, жоғары жылдамдықта өңдеуге болады.
Қалақты ұрғыш машиналарда, құрамында дәнмен қатар ядросы бар
өнімдерді қайталап өңдеуде (сұлы зауыттарында) және арпаны қауыздауда
үшінші, төртінші жүйелерде қалақтардың айналу жылдамдығы 20 м/с
көп алмайды, бидайды қауыздауда 16 м/с аспауы қажет, ал жылдамдығы
22 м/с және одан жоғары жағдайда майдаланған ядро шығымы артады.
Тәжірибе және іс жүзінде алынған мәліметтер және машина
-
ны қолдану бағыты бойынша қалақтардың орналасуы және айналу
жылдамдықтарының тиімді көрсеткіштері ұсынылған (7кесте).
74
7-кесте
Обойкалы қауыздағыш машиналарының жұмыс
органдарының сипаттамалары және кинематикалық параметрлері
Дақыл Технологиялық
операциялар
Жұмыс
органдарының
сипаттамалары
Қалақ
тардың
айналу
жылдам
дығы, м/с
Радиал
ды саң
лау, мм
Қалақ
тардың
ылдилы
ғы, %
Арпа
1 және 2
қауыздау
Болатты қалақтар,
абразивті цилиндр
20 – 22
15 – 20
8 – 10
Арпа
3 және 4
қауыздау
Сондай
18 – 20
15 – 20
8 – 10
Бидай
1ші қауыздау
2ші қауыздау
Сондай
Сондай
16 – 18
14
20
20 – 25
8 – 10
8 – 10
Сұлы
Қылтанақты
ажырату
1ші қауыздау
Сырғыма
өнімдерді
қауыздау
Сондай
Болат қалақтар,
абразивті немесе
болат цилиндр
Болат қалақтар
және абразивті
цилиндр
14 – 16
20 – 22
18 – 20
25 – 30
20 – 25
25 – 30
10 – 12
8 – 10
8 – 10
Жүгері Қауыздау
Сондай
10 – 14
30 – 35
12 – 15
Обойкалы машинаның абразивті бетін жасау үшін ірілігі әртүрлі
зімпараны қолданбайды. Бірінші жүйеде, қауызы алынбаған дәнді
өңдеуде, ірі зімпараны қолданады, ал келесі жүйелерде майдаларын
қолданады.
Кейбір зауыттарда қалақты ұрғыш машиналарды басқа қауызда
ғыштармен аралас пайдаланады. Мысалы, сұлыны өңдеуде бірінші
жүйеде қалақты ұрғыш қолданады, ядроны бөліп алғаннан кейінгі өнімді
қайталап қауыздауды қауыздағыш тас диірменде (постав) жүргізеді. Ар
-
паны екі рет қалақты ұрғышта қауыздағаннан кейін қарқынды қауыздап
ажарлағыш ЗШН машинасында соңғы өңдеулерді жүргізеді. Қалақты
ұрғыш машиналарда өңдегенде, сығу, қозғау немесе үйкеліс деформа
-
циялары басым машиналармен салыстырғанда, майдаланған дәннің
шығымы жоғары келеді
Қауыздап ажарлағыш ЗШН машиналарында өңдеу. Қабығы ядро
-
мен тығыз байланысқан астық дақылдарын (арпа, бидай) қауыздау үшін
технологиялық тиімділігі жоғары фрикционды үгітуге бейімделген ма
-
шиналарды қолданады. Осындай машиналардың үздіксіз әрекет ететін
жұмыс органдары абразивті диск және болат қаптама.
75
Әрекеті үздіксіз ЗШН қауыздағыштар қауыздауажарлау фрикцион
-
ды үгіту машиналар типіне жатады. Өнім сақиналы кеңістікте диск және
металл қаптама аралығында өңделеді. Өңделген өнімді жібергішті рет
-
теу арқылы өңдеу ұзақтығын реттейді.
Қуаты шамалы ЗШН1,5 (25сурет) машинасының желдеткіші білікке
орналасқан, қаптама 2 пайда болатын ауаны сорып сыртқа жібереді.
Ауа қуысты білікке 4 түсіп, радиалды саңылаулар арқылы, диск 1
аралықтарына орналасқан, перфорацияланған металл сақиналарға 3
береді. Бірқалыпты бөлінген ауа өнім қабатына енеді, майда және жеңіл
заттарды, қаптама саңылауымен желдеткіш арқылы ауа тазалағыш
циклонға беріледі.
Өңдеу үдерісі жұмыс зонасы астықпен толған жағдайда жүреді,
өнімді жұмыс зонасында ұстауды реттеу: өңделген өнім өз салмағымен
машинадан шығады. Жұмыс зонасы саңылауы 10 мм. Өнім абразивті
табақшалардың қырына, жартылай бүйір бетіне және ішкі ортада дән
бірбірімен, металл қаптамаға үйкеліп өңделеді. Өнім аздаған қалдықпен,
жұмыс зонасын толтырғанда машинадағы астық массасының мөлшері,
өнімнің табиғатына байланысты, 11,5 – 13,5 кг құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |