79
Қауыздағыш машиналардың жұмыс тиімділігін зертханалық бақылау
жүргізу, нәтижесі бойынша технологиялық тиімділікті орнату. Егер
зертханалық бақылауда қауыздалмаған дәннің және майдаланған ядро
мөлшері нормадан артық болған жағдайда үдерістің нашар жұмысының
себебін анықтап, жөндеуді жүргізеді. Үдерістің тиімділігіне әсерін
тигізетін көрсеткіштер: астықтың сапа көрсеткіштерінің өзгеруі,
қауыздауға дейін сұрыптау дұрыс жүргізілмеген, гидротермиялық
өңдеудің немесе кептіргіштің және қауыздау режимдерінің дұрыс
қойылмауы.
Қауыздаудың технологиялық тиімділігін бағалау. Қауыздау машина
-
сында қауыздау нәтижесінде екі өнім алуға тырысамыз: ядро және қауыз.
Бірақ үдерістің жетіспегендігінен қосымша өнімдер алынады. Қауыздау
операциясы тиімді жүргізілсе қауыздалмаған дән, майдаланған ядро
және ұнтақ мейлінше аз алынады, демек бүтін ядромен қауыз шығымы
көп болады.
Қауыздау машиналарының тиімділігін бағалауда, қауыздауға дейін
және қауыздалғаннан кейін алынған сынамаларда бүтін ядроның,
майдаланған ядро және ұнтақты анықтайды.
Қауыздау коэффициентін және ядроның бүтіндік коэффициентін
анықтағаннан кейін машиналардың технологиялық тиімділігі айқын
далады.
Қауыздау коэффициенті Е
қауыз
осы жүйедегі, машинаға түскен астық
мөлшеріне есептегенде, қауыздалған дәннің пайызбен көрсетілген
мөлшері:
мұндағы:
Достарыңызбен бөлісу: