85
бірге қауыздағыш білікті декалы станокта бірге өңделеді. Нәтижесінде,
майдаланған ядро және ұнтақ шығымы артады, себебі механикалық
әрекет еткенде ядро дәнмен салыстырғанда осалдау болғандықтан,
көбірек майдаланады.
Жарма зауыттарында екінші амал көбірек қолданылады – бірінші
қауыздауда аралық өнімдерді (майдаланған дән, қауыз және ұнтақ) бөліп
алып, ядро мен қауыздалмағанын жеке сұрыптап, ядроны бөліп алады,
содан кейін қауыздалмағанын жеке өңдейді (27сурет).
27-сурет
. Ядроны алып қауыздалған
өнімдерді сұрыптау нобайы
а – сұлы зауыттарында: 1 – қауыздағыш тас диірмен; 2 – центрофугал;
3 – аспиратор; 4 – триер; 5 – падди-машина; б – күріш зауыттарында:
1 – білігі резинамен қапталған станок; 2 – рассев; 3 – аспиратор;
4 – падди-машина.
Бөлініп алынған ядро қайталап қауыздаудан өтпейді, оны келесі
өңдеулерге (ажарлау, жылтырату, сұрыптау) жібереді, ал қауыздалмағанын
қайталап қауыздайды. Осы амалдың бірнеше артықшылығы бар:
дәнді бірнеше рет қауыздауда майдаланған ядро және ұнтақ шығымы
азайса,
онда ядро шығымы артады;
86
қайталап қауыздауға берілетін өнімнің мөлшері аз болса, онда
барлық технологиялық үдеріс жақсарады, жабдықтарды пайдалану
коэффициенті өседі, зауыттың қуаты артады;
жарманың тауарлық түрі жақсарады, жарма ірі келеді (жырымдалған
және жартылай ядролар азаяды).
Осындай артықшылықтарымен ядроны бөліп алып қауыздау кеңінен
таралған, әсіресе күріш, сұлы және қарақұмық дақылдарын қайталап
өңдеуде.
Достарыңызбен бөлісу: