Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет297/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Тігінен қосылу
– дайын өнімнің әртүрлі сатыларын жүзеге 
асыратын екі немесе одан да көп фирмалардың біртұтас фирма болып 
толығуы.
Тік кесінді
– толық жұмысбастылық жағдайында өндіріс көлемінің 
толық өндірілуін сипаттайтын жиынтық ұсыныс қисығының тік 
сегменті.
Туынды сұраныс
– дайын игіліктердің сұранысына тәуелді болып 
табылатын ресурстарға деген сұраныс.
Тұрақты шығындар
– фирманың өндіретін өнім көлеміне тәуелді 
болмайтын шығындар.
Тұтынуға деген орташа бейімділік
– салықтарды төлеп 
болғаннан кейінгі үй шаруашылықтарының тұтыну тауарлары мен 
қызметтерін сатып алуға жұмсайтын табыстарының бір бөлігі; тұтыну 
шығындарының қолда бар табысқа қатынасы.
Тұтынуға деген шекті бейімділік
– қолда бар табыстың кез-
кел ген өзгеруіндегі тұтыну тауарларына кететін шығындардың 
үлесі; қолда бар табыс өзгерісінің тұтыну шығындарының өзгерісіне 
қатынасы.
Тұтынушылық бағалар индексі
– тұтынушының статистикалық 
орташа есеппен сатып алатын құрамына 300-ден астам тұтыну 
тауарлары кіретін «тұтыну қоржынының» бағалар деңгейін өлшеу 
үшін қолданылатын индекс.
Тұтынушының егемендігі
– шектеулі ресурстармен өндірілетін 
тауарлар мен қызметтердің түрлеріне тұтынушының еркін таңдауы-
ның болуы.
Ұзақ мерзімді тренд
– көптеген жылдар аралығында экономика-
лық белсенділік деңгейінің көтеріліп немесе төмендеп отыруы.
Ұлттық табыс
– ресурстардың жалпы ішкі өнім өндірісіне қосқан 
үлесі үшін сол ресурс иелерінің жалақы, пайыз, рента және пайда 
түрінде алатын жиынтық табыстары.


351
Ұсыныс
– сатушының белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір 
бағамен тауардың немесе қызметтің белгілі бір көлемін нарықта сатуға 
деген дайындығы және сата алу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет