Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет46/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

2.4. Аралас экономикалық жүйе
– нарықтық тетіктер мен 
экономиканы мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын 
қатынастар.
Сипатты белгілері:


53
- әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы;
- көптүрлі меншіктің болуы;
- күшті кәсіподақ қозғалысының орын алуы;
- мемлекеттік реттеу мен түзету рөлі белсенді болып табылады.
3. Өнеркәсіптік төңкерістің және ғылыми-техникалық прогрестің 
даму деңгейі бойынша:
3.1. Индустриалдыққа дейінгі жүйе
– қол еңбегіне негізделген 
натуралдық шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл 
шаруашылығына негізделген жүйе.
3.2. Индустриалдық жүйе
– тауар-ақша қатынастарының 
дамуымен байланысты ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе.
3.3. Постиндустриалдық жүйе
 –
басты саласы – экономикалық-
өндірістік емес (қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат 
басты ресурс ретінде саналатын жүйе.
3.2. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, 
объектілері мен субъектілері
Меншік категориясы кез келген экономикалық жүйені ұйым-
дастырудың іргетасы болып табылады. Меншік ұғымы тарихи 
категория ретінде алдымен, жермен, содан соң өндіріс құрал-
жабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен 
байланыстырылады. Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші 
адамның еңбегіне және оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне 
ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық байлықтың және пайда 
табудың қайнар көзі ретінде саналады.
Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, 
Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты 
ғалымдар қосты.
Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын 
иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың 
пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды, 
тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын 
анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы 
меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге 
қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу 
үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша келісе алатындығын 
сипаттайды.
Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің 
қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық 


54
қатынастар деп түсінуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет