Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері



Pdf көрінісі
бет75/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

5.2. Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері
Нарықтың мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен толық көруге 
болады. Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері:
1) Нарықтың ақпараттық қызметі
– нарықтың экономиканың 
қазіргі жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы. Бұл 
жерде нарық арқылы өнім өндіруге кеткен шығындар, олардың 
бағаларының ауытқуы, сатылуы мен сатып алынуы сияқты ақпараттар 
үнемі ағылып отырады.
2) Нарықтың делдалдық қызметі
– нарықтың тұтынушыға өзіне 
қолайлы сатушыны тауып беруіне және өндірушіге өзіне пайдалы 
сатып алушыны таңдай алуына мүмкіндік жасау қабілеті. Бұл жерде 
нарық арқылы сатып алушылар мен сатушылардың байланысы орнап 
екі жақты операциялар жасалынып отырады.
3) Нарықтың баға белгілеушілік қызметі
– нарықтың тек қоғам ға 
ғана қажетті шығындарды қабылдауды және төлеуді талап етуі. Бұл 
жерде нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеу жүзеге 
асырылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады.
4) Нарықтың реттеушілік қызметі
– нарықтың ақша қаражат-
тарының тиімсіз саладан тиімді салаға көшуін қамтамасыз етіп 
болашағы бар салалардың дамуына жағдай жасауы. Бұл жерде нарық 
арқылы қоғамдық өндірісті реттеу не, қалай және кім үшін деген 
мәселелерді шешу жолымен жүзеге асырылады.
5) Нарықтың сауықтырушылық қызметі
– нарықтың қоғамдық 
өндірісті бәсекеге төтеп бере алмайтын, әлсіз, икемсіз және қабілетсіз 
кәсіпкерлерден тазарта отырып бәсекеге жарамды аса белсенділер 
мен тапқырларға жол ашып отыруы.
Нарықтың осындай қызметтері арқылы жұмыс істеу механизмі 
басты үш принципке негізделеді:


86
1) Маржиналды (шекті) талдау принципі
– нарық субъектілері нің, 
тұтынушылар мен өндірушілердің өздерінің шектеулі мүмкіндіктері тең 
болғанша дейін қосымша пайда алуға және қосымша пайдалылықты 
сезінуге әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың 
қағидасы. Бұл жерде оларға орташа шамалар емес, шекті шамалар 
шешуші әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет