Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет300/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Өндіріс факторларының нарықтары
бұл сұраныс пен 
ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға 
жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын 
алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс 
туынды 
сұраныс
деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы 
солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа 
тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда 
соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал 
өндіріс факторларының ұсынысы
– бұл үй шаруашылықтарының 
белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды 
және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен 
сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық 
субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы 
жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін.
Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет