Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері



Pdf көрінісі
бет419/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

13.1. Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, 
зардаптары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы
Статистикалық органдар әдетте, жұмысбастылыққа қатысы бар 
адамдар-ды бірнеше категорияға бөліп көрсетеді. Ол харекетшіл 
халықты немесе 16 жасқа (АҚШ, Франция, Швеция, Ұлыбритания, 
Ресей) немесе кейбір елдерде 15 жасқа (Австралия, Канада, Германия, 
Жапония, Голландия, Италия, Қазақстан) толған және ол жастан 
асқан азаматтарды қамтиды. Жұмыс күші жұмыспен қамтылған 
азаматтардан және жұмыссыздардан құралады. 
Жұмыссыздар
– бұл 
табыс табуға құқық беретін жұмыс орнын иеленуге мұқтаж, еңбек 
етуге қабілеті мен ынтасы бар азаматтар.
Жұмыссыздардың құрамына жасы мен денсаулығы бойынша 
жұмысқа жарамсыз адамдар, жұмысқа жарамды, бірақ белгілі бір 


253
себептерге байланысты жұмыс орнына үмітті емес адамдар (үй 
шаруасындағы әйелдер), жұмысқа жарамды және жұмыс іздеп жүрген, 
бірақ еңбек биржасында тіркелмеген адамдар кірмейді.
Жұмыссыздар екіге бөлінеді: толық және толық емес. Соңғысына 
толық емес жұмыс күніне немесе қандай да бір экономикалық 
себептерге байланысты толық емес жұмыс аптасына қамтылған 
азаматтар кіреді. Бұл жерде әртүрлі себептерге байланысты толық 
емес жұмыс күнін ерікті түрде қалайтын жұмыскерлер (мәселен, көп 
балалы аналар, бос уақыттың көп болуын тілейтін адамдар) жұмыспен 
қамтылғандардың қатарына жатады.
Статистикалық органдар екі маңызды көрсеткішті есептейді: 
жұмыс күшінің харекетшіл халықтағы үлесі және жұмыссыздық 
деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет