Сұраныс инфляциясы – бұл толық жұмысбастылық жағдайында
ресурстарды тиімді деңгейінен жоғары қолданғанда сұраныстың
ұсыныстан артып кетуі салдарынан болатын бағалардың өсуі. Сұра-
ныс инфляциясын осылай түсіндіру монетаристік нұсқаға сәйкес
келеді. Монетаристер баға айналыстағы ақша санымен анықталады
деп санайды.
Сұраныс инфляциясы мемлекеттің бюджет тапшылығымен де
байланыс-ты. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың барлық
әдістері инфляцияға жол ашуы мүмкін.
Егер баға айналыстағы ақшаның санына тәуелді болса, онда сұра-
ныс инфляциясымен күрес ақша санын шектеуді, төлем қабілеттілігі
бар сұранысты азайтуды талап етеді. Мұндай жағдайларда арзан
ақшалар саясаты жүргізіледі – пайыз мөлшерлемесі көтеріледі,
несиелік белсенділік шектеледі, мемлекеттік шығындар қысқарады.