Оукен коэффициенті
деп аталады.
Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:
Y* – Y / Y* = γ (u – u
*
),
мұндағы, Y* – толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің
әлеуетті көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыс-
сыздықтың нақты деңгейі; u
*
– жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
γ – Оукен коэффициенті. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің
жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.
Жұмыссыздықтың қоғамға тигізетін экономикалық зардаптарынан
басқа, оның әлеуметтік зияндары да бар. Олар жұмысшының өзіне
жағымсыз түрде әсер етеді. Жұмыссыздықтың салдарынан адамдар-
дың біліктілігі жоғалады, жұмысқа жарамдылығы төмендейді, өзін-
өзі сыйлаудан қалады, адамгершілігі жоғалып, моральдік жағы нан
күйзеліске ұшырайды, өзінің атақ-даңқы мен абыройынан айыры лады,
отбасылық ажырасуларға алып келеді, табысы жоғалғандықтан ұрлау,
тонау, қарақшылық жасау, өз-өзіне қол жұмсау сияқты қылмыстық
әрекеттер де орын алады.
Сондықтан жұмысбастылықты және жұмыссыздық мәселесін
мемлекеттік реттеу өте маңызды болып табылады. Жұмысбастылық
пен жұмыссыздықты реттеу шаралары мыналарды қамтиды:
жұмыссыздық бойынша сақтандыру, кадрларды даярлау және қайта
даярлау, өнеркәсіпті субсидиялау, қоғамдық қажетті жұмыстарды
ұйымдастыру (мысалы, инфрақұрылым салаларын жетілдіру, жол
құрылысы, т.б.), еңбек қызметінің ұзақтылығын, жұмыс аптасын және
жұмыс күнін реттеу.
Сонымен қатар жұмысбастылық мәселесі мемлекетпен ғана емес,
нарық-пен де реттелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |