2. Бақылау қызметі – бөлу үдерісін жалпы алғанда сан жағынан
бейнелеу, бұл жерде қаржы бөлу үдерісінің қаншалықты тиімді
жүріп жатқандығы ақша қорларының қаншалықты тиімді жұмсалып
жатқандығы жөнінде ақпарат беріп отырады.
Қаржы жүйесі экономикалық организмнің қан айналымы жүйесін
сипаттайды, экономиканың тұтастай қалыпты жұмыс істеуі осы
саланың жағдайына тәуелді болып табылады.
Қаржы жүйесі – ұдайы өндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі
экономикалық субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын
күрделі қаржы қатынастары.
Қаржы жүйесі қандай да бір қаржылық қатынастарды сипаттайтын
болғандықтан, осы қатынастардың субъектілері мен деңгейлері
бөлініп шығады. Бұлар біріншіден, орталықтандырылған ақша
қорларын қалыптастыратын мемлекеттік деңгей, екіншіден,
орталықтандырылмаған ақша қорларын жасайтын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің деңгейі мен үй шаруашылықтарының
деңгейі болып табылады. Осындай деңгейлерде қаржы ресурстарын
қалыптастырудың және пайдаланудың әдістері мен тәсілдері әртүрлі
болып табылады.