15.1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары Қазіргі әлемдік нарық өзіндік күрделенген жүйе ретінде ұлттық
шаруашылықтар арасындағы қалыптасқан сауда-саттық қарым-
қатынастары-мен сипатталады. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер,
жұмыс күші, капиталдың түрлері, технология, валюталар сатылуы
және сатып алынуы мүмкін.
Әлемдік нарықтың қалыптасуы мен дамуы:
халықаралық еңбек бөлінісімен (ХЭБ) тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен
анықталады. Ол әлем елдерінің өндірістік шарттарының алуан
түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға,
капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына
әртүрлі иелік етуі (мысалы, бір ел пайдалы қазбаларға өте бай, ал
басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы мүмкін) олардың өндірістік
мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. Адамдар
өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда
тиімсіз және мүмкін емес болып табылады.