Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет507/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

15.3. Төлем балансы және валюта бағамы
Валюта
– бұл халықаралық есептеулерде қолданылатын ақша 
құралдары. 
Валюталық жүйе деп халықаралық есептесу құралдарын 
қолданудың саясаты мен тәжірибесін айтады. Адамзат баласының 
даму тарихында валюта жүйесінің бірнеше түрлері орын алды. 
Соларға тоқталып өтейік.
1. Алтын стандарт (1879-1934 ж.).
Валютаның бұл жүйесі үшін 
алтын монеталарды еркін басып шығару және оларды айналымға 
жіберу, банкнота-ларды алтынға (құймаларға және монеталарға) 
айырбастау құбылыстары тән болды. Алтынды сыртқа шығаруға 
және оны сырттан әкелуге рұқсат етілді. Айналымдағы ақшаның 
саны ресми алтын қорымен анықталып отырды. Ал алтынның бағасы 
тіркелген болып табылды. Алтын стандарт жүйесі ақша айналымының 
тұрақтылығын қамтамасыз етеді, төлем балансының жағдайын 
автоматты түрде реттейді. 
Алтын стандарт жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіру 
үшін біз мынадай мысал келтіреміз. Айталық, АҚШ пен Англияның 
төлем балансында тапшылық орын алды. Американдықтар Англиядан 
тауарларды көп импорттады, ал өзі сол елге тауарларды аз экспорт-
тады. Бұл жағдайда төлем балансының тапшылығы алтынмен 
жабылады. АҚШ елінен алтын сыртқа ағылады. Бұл елде ақшаның 
саны азаяды. Төлем қабілеттілігі бар сұраныс азайып бағалар да 
төмендейді. Бұл дұрыс па, әлде дұрыс емес пе? Дұрыс, өйткені АҚШ 
төмен бағамен өз тауарларын экспорттау қабілеттілігін жақсартады. 
Ал шетелден тауарларды импорттау шектеледі, себебі алтынның 
Англияға көптеп келуі сол елде ақшаның санын көбейтеді. Англияда 
бағалар өседі, тауарларды экспорттау қиындатылады. Алтын стандарт 
жүйесі төлем балансының жағдайын осылайша автоматты түрде 
реттейді. 
Алтын стандарт жүйесінің осындай артықшылығы бола тұра, оның 
кемшілігі ретінде мемлекеттің араласуын шектеу қарастырылады. Ішкі 
экономикалық даму төлем балансы жағдайына толық бағынышты, 
яғни сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді болып табылады. 


313
Бұл жүйе тек алтын бар болғанда ғана жұмыс істейді. Егер қандай да 
бір ел алтынды өндірмесе немесе оны сыртқа жіберіп алса, онда сол 
ел алтын стандарт жүйесіне қатысудан шет қалады.
Сонымен, алтын стандарт жүйесі бір жағынан, ақша айналысының 
тұрақтылығын қамтамасыз етеді және инфляциялық құбылысты 
болдырмайды, ал екінші жағынан, экономиканы әлемдік нарыққа 
тәуелді етеді, ішкі экономикалық саясатта таңдау еркіндігін шектейді.
Бұл жүйенің жағымды жақтарын қалдырып, теріс жақтарын жою 
үшін алтын девиздік жүйе немесе бреттон-вудтық валюта жүйесі 
пайда болды.
2. Бреттон-вудтық валюта жүйесі (1944-1971 ж.). Алтын девиздік 
деген атаудың қалыптасуы қағаз ақшалар-девиздердің әлемдік 
валюталар қызметін атқара бастауынан орын алды. Бұл жүйе кезінде 
ішкі экономикалық саясат әлі де болса төлем балансының жағдайына 
тәуелді болды. Алтын жүйенің негізі ретінде жұмыс істей берді. Бірақ 
алтындық мазмұны бар бір ғана валютаның рөлін АҚШ-тың доллары 
атқарды. Ал қалған валюталар долларға, содан соң доллар арқылы 
алтынға теңестіріліп отырды. АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі 
(ФРЖ) басқа елдердің орталық банктерімен келісім жүргізуде 1 троя 
унциясына
4
35 доллар болып бекітілген баға бойынша алтынды сатып 
алуды және сатуды жүзеге асырды. 
Валюталық бағамдар тіркелген болды. Валюталық қатынастар 
Халықаралық валюталық қормен (ХВҚ)
5
бақыланып отырды. 
ХВҚ-ның міндеттеріне: валюта бағамдарын тұрақтандыру үшін 
несиелер беру, қаржы жүйесін сауықтыру бойынша ұсыныстар жасау, 
валюталық паритеттерді бақылау кірді. Алтын девиздік жүйенің пайда 
болуы мемлекеттердің ішкі экономикалық саясатының тәуелсіздігін 
күшейте түсті. 
Алтынды, ХВҚ-ның несиелерін пайдалану арқылы валюта 
баға мын ұстап тұруға болды. Бірақ ең бастысы, төлем балансының 
жағдайын ұлттық валюта бағамын өзгерту есебінен ғана жақсартуға 
болады. Алтын стандарт бұл құралды қолданбады. Ал алтын 
девиздік жүйе ұлттық мемлекетке валюта бағамын 10%-дық паритет 
аралығында өзгертуге мүмкіндік берді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет