314
ХХ ғасырдың 70-жылдары басында бреттон-вудтық жүйе
дағдарысқа ұшырады. Валюталардың тіркелген айырбас бағамдарын
ұстап тұру ХВҚ-ға мүше-елдердің бірыңғай экономикалық саясатты
жүргізіп отыруын талап етті. Алайда, бұл мүмкін болмады. Әртүрлі
елдерде инфляция қарқыны шарықтап мәселелер көбейе түсті.
Жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін алтынның ұсынысы
жеткіліксіз болды.
Алтын девиздік жүйенің қарама-қайшылықтары оны жаңа
валюталық жүйеге – басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары
жүйесіне ауысу қажетті-лігіне алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: