Ревальвация – бұл валюта бағамының басқа
валютаға қарағанда көтерілуі.
Девальвация – бұл валюта бағамының
басқа валютамен салыстырғанда төмендеуі.
15.1-кесте. Ревальвация мен девальвацияның төлем балансының
жағдайына әсер етуі
Сауда
балансына әсері
Капитал балансына әсері
Төлем
балансына әсері
Валютаның
ревальвациясы
Экспорт ↓
Импорт ↑
Қорытынды:
нашарлайды
Экспорт ↑
Импорт ↓
Қорытынды:
нашарлайды
Нашарлайды
Валютаның
девальвациясы
Экспорт ↑
Импорт ↓
Қорытынды:
жақсарады
Экспорт ↓
Импорт ↑
Қорытынды: жақсарады
Жақсарады
Егер валютаның ревальвациясы төлем балансын нашарлататын
болса, онда ол не үшін жүргізіледі деген заңды сұрақ туындайды. Бұл
мәжбүрлі шара болып табылады. Ревальвацияны жүргізудің қажет-
тілігі экспорты импортынан асып кеткен елдерде туындайды. Мұндай
асып кету басқа әріптес-елдерде сауда балансы тапшылығының орын
алуын білдіреді.
Валютаның девальвациясын төлем балансының тапшылығын
(импорттың экспорттан артып кетуі) көріп отырған елдер жүргізуге
мәжбүр болады.