Экономикалық пайда – фирманың жалпы табыстары мен
экономикалық шығындары арасындағы айырма; «таза пайда» және
«үстеме пайда» ұғымдарының синонимдері.
Экономикалық рента – ұсынысы тұрақты және абсолютті икемсіз
болып табылатын жерді және басқа да табиғи ресурстарды қолдан-
ғаны үшін төленетін баға.
Экономикалық саясат – экономикада қажетті нәтижелерге қол
жеткізуді мақсат етіп қоятын және жағымсыз құбылыстардың орын
алуын болдырмауға қатысты саясатты қалыптастыру.
Экономикалық талдау – экономикалық ақиқаттылықтың нақты
деректерінен экономикалық заңдылықтарды анықтау.
Экономикалық тиімділік – ресурстардың ең аз шығынымен
тауарлар мен қызметтер өндірісінің ең үлкен көлеміне қол жеткізу;
өнім өндіру барысында алынатын нәтижелердің сол өнімді өндіруге
кететін шығындарға қатынасы.
Экономикалық цикл (іскерлік ауытқымалы кезең) – экономика-
лық белсенділіктің көтерілуінің және төмендеуінің бірқатар жылдар
бойы қайталанып отыруы.