4. Баланстық әдіс. Бұл әдіс бірқатар нарықтардың (әсіресе, шикізат
нарықтарының) өзгеру жағдайларын болжау үшін қолданылады.
Оның мәні сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін орнатудан көрінеді.
Өткен жылдардың берілген мәліметтері негізінде алдағы жылдарға
өндіріс пен тұтынудың болжамдық балансы жасалады. Мұнда өткен
жылдардағы шикізат қоры, ішкі тұтыну деңгейі және өнім көлемі
есепке алынады.
5. Экстрополяция. Бұл әдіс зерттеліп отырған экономикалық
құбылыстың өткенгі және бүгінгі даму заңдылықтарын талдауға
және оны болашақта қолдануға негізделеді. Бұл жерде берілген
құбылысқа тән сипатты негізгі арақатынастар, пропорциялар және
өсу қарқыны болашақта үлкен сеніммен маңызды түрде орын алады
деп болжанады. Олай болса, экономикалық жағдайларды болжау
10
мақсатында қолданылатын экстрополяция әдісі өткеннің тәжірибесін
есепке алуды қарастырып, оны экономикалық дамудың объективті
заңдылықтары ретінде сипаттайды.