• Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы
қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері
жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.
• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды
сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын
қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі
тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұйымдық-құқықтық
және ұйымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.
Ұйымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік,
акционерлік қоғамды біріктіреді.