2. Қор сиымдылығы. Қор қайтарымдылығы шамасына кері
көрсеткіш болып табылады және ол негізгі капитал қорының бір өнім
өлшеміне шаққандағы құнымен анықталады (теңгемен есептегенде):
Қ С = Қ О / Т Ө . Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы
көлемін (Т
Ө
) 198 мың теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың
орташа жылдық құны (Қ
О
) 180 мың теңгені құрады. Қор сиымдылығы
қаншаға тең?
Шешімі: 180 мың / 198 мың = 0,91 теңге.
3. Қормен қарулану (Ққ) – бұл көрсеткіш ақшалай немесе
ақшалай емес бірлік деңгейіндегі негізгі өндіріс қорларымен
жабдықталу дәрежесі. Оны негізгі өндірістік қор құнының көлемін,
орташа жылдық өнеркәсіп өндірісінде істейтін жұмысшылар санына
қатынасы арқылы анықтайды.
Ққ = Қ О / Жс . Мысалы: Кәсіпорында негізгі капитал қорының орташа жылдық
құны 180 мың теңгені құрайды, ал орта тізімдегі өнеркәсіптік өндіріс
жұмысшыларының саны 600 адам болды. Қормен қарулану көрсеткіші
қаншаға тең?
Шешімі: 180 мың / 600 = 300 мың теңге.