Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет244/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

капиталдың ауыспалы айналымы
деп атайды. Капиталдың 
ауыспалы айналымы қосымша пайда табуды көздейді:
d = A’ – A.
Мұнда, А – бастапқы жұмсалған капитал; d – үстеме құн.
Өндіріске құйылған бастапқы капиталдың барлық қозғалысының 
түгелдей бір цикл бойы айналып шығуын 
капиталдың толық 
айналымы
деп атайды.
Капиталдың толық айналымы мен ауыспалы айналымы бір-біріне 
сәйкес келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде 
кәсіпкерге ақшалай формада бастапқы капиталдың тек бір бөлшегі 
ғана қайтып келеді, барлық капиталдық құн өз иесіне тек өзінің 
бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде ғана капитал 
толық айналым жасайды. 
Капиталдың осындай түрлерінің айналымы әрқашанда бірдей 
жүрмейді. Капитал құнының айналымдағы әрқилы қызметтеріне 
байланысты капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капитал
– бұл өндірістік үдеріске толық қатысатын, бірақ 
өзінің құнын дайын өнімге бірте-бірте ауыстыратын және меншік 
иесіне ақшалай формада біртіндеп қайтып оралатын капитал. Негізгі 
капиталға құрал-жабдықтар, саймандар, машиналар, станоктар, 
өндірістік ғимараттар, құрылыстардың түрлері және тағы басқалары 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет