Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері. Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде елдің бизнес-
ахуалы 2008 жылы 64 орынды, 2009 жылы 63 орынды, 2010 жылы
58 орынды, 2011 жылы 47 орынды иеленді. Бұдан басқа, Қазақстан
2010 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар
жасауда ең жақсы нәтижелерге жету бойынша 10 елдің ішінен
1-орынға шықты.
Doing Business рейтингісінде 2011 жылы бизнесті ашу, меншікті
тіркеу, инвесторларды қорғау, салық салу, келісімдерді орындау және
141
кәсіпорындарды жою сияқты маңызды салалар бойынша Қазақстан
алдыңғы 50 елдің қатарынан табылды.