Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері



Pdf көрінісі
бет368/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

11.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері. 
Экономикалық теорияда негізінен, макроэкономикалық тепе-тең-
дік үлгілеріне классикалық және кейнстік көзқарастар қалыптасқан. 
Алдымен, классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісін 
талдауды қарастырамыз.
Классикалық үлгі француз экономисі 
Жан-Батист Сэйдің
(1762-
1832) заңымен тығыз байланысты және осы тұжырымға сәйкес 
құрылады. Сэй заңы бойынша, толық жұмысбастылық жағдайында 
жасалған өнімді сатып алатын шығындар мен оны сататын табыстар 
әрқашанда бір-біріне тең болады. Өндірілген өнімдердің құны 
автоматты түрде табыстарды қамтамасыз етіп отырады, яғни ұсыныс 
сұранысты тудырады. Бұл жерде, алынған табыстар бірден шығынға 
айналып отырады, олардың белгілі бір бөлігі жинақталмайды
түгелімен жұмсалып отырады деген болжамдар айтылады.
Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы классикалық кесінді 
деп аталады және ол тік сызық түрінде сипатталады. Классикалық 
кесіндіде экономика жұмыспен толық қамтылған жағдайда болады 
және жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне
2
тең 
болады. Ал нарық икемді көрсеткіштер (баға деңгейі, атаулы жалақы, 
пайыз мөлшерлемесі) арқылы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Жиынтық 
сұраныс өзгерген жағдайда жиынтық өнім көлемі өзгермейді, тек 
бағалар деңгейі ғана өзгереді (11.3-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет