14.5. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – бұл қоғам мүшелерінің және
әртүрлі топтардың табыстарын бөлу және қайта бөлуге бағытталған
үкіметтік іс-шаралары.
Осыған байланысты, әлеуметтік саясат бір жағынан, табыстардың
әділетті бөлінуіне, ал екінші жағынан, қоғам мүшелері мүмкіндіктері-
нің теңдігін сақтап тұруға жауап беруі тиіс.
Әлеуметтік саясаттың бірқатар міндеттері бар:
1. тұрғындардың әл-ауқаттылығын көтеру;
2. адамдардың өмір сүруі мен еңбек жағдайларын жақсарту;
3. әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыру;
4. қоғамның әлеуметтік салаларын және инфрақұрылымын дамыту;
5. ел азаматтарының әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін
қанағаттандыру.
Осындай міндеттер негізінде әлеуметтік саясат мынадай
мәселелерді шешуге жауап іздейді:
1. адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалай қанағаттандыру
керек;
2. қоғамда игіліктерді әлеуметтік тұрғыдан қалайша барынша
әділетті бөлуге болады;
3. адамдардың әл-ауқаттылық деңгейінің көтерілуі мен эконо-
микалық тиімділікті арттырудың сәйкестілікті қалайша жүзеге асыру-
ға болады.
Бәсекелестік тетіктер негізінде халық табыстарын нарықтық
тұрғыдан бөлу тепе-теңдікке жетуге кепілдік бермейді, яғни табысты
шынайы бөлуге жауап бермейді. Сол себепті, әлемнің дамыған
елдерінің нақты қазіргі тәжірибесінде табыстарды бөлудегі теңсіздер
290
едәуір түрде байқалады. Сондықтан табыстарды бөлудегі теңсіздіктер
осы тақырыптың аса көкейкесті мәселесі болып қала береді.
Табысты бөлудегі теңсіздіктердің негізгі үш себебі бар:
1. Адамдардың