Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Қазақстанда
Ұлттық банктің (ҰБ) құқықтық статусы, оның құқықтары мен
міндеттері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы Заңында»
көрсетілген. Осы заңға сәйкес,
ҰБ-нің мақсаты – ұлттық валюта –
теңгенің тұрақтылығын, оның сатып алушылық қабілетін және
шетелдің басқа валюталарымен салыстырғанда теңге бағамының
тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұлттық банк жүйесін дамыту және
нығайту, есептеулер жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету. Ал ҰБ-ң негізгі міндеттеріне экономиканың қаржы-
лық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша-несие саясатын жүргізу,
инфляция деңгейін бақылау және валюта бағамын тұрақтандыру
жатады.
Қазақстан Республикасының ҰБ ұлттық банк жүйесінің дамуына,
нығаюына және тұрақтылығына жауап беретін институт болып
табылады. Ол банк жүйесінің қызметін жалпы реттейді және әрбір
жекелеген банктің жағдайын қадағалап отырады, сондай-ақ банктік
жүйенің қызмет етуінің ережелері мен нормаларын қалыптастырады.
Банк жүйесінің тұрақтылығы қаржы нарығының қажетті
инфрақұрылымын жасау есебінен қалыптасады. ҰБ банк жүйесінің
тұрақтылығына жауап бере отырып, банктерді ақша ресурстарымен
қамтамасыз етудің тиімді тетігін жасауы тиіс.