Өмір сүру минимумы – бұл халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда
қолданылатын аса маңызды көрсеткіш. Осыдан, халықтың өмір сүру
деңгейі деген ұғым туындайды.
Өмір сүру деңгейі – бұл адамдардың өмір сүруінің негізгі
қажеттілікте-рін қанағаттандыру мөлшерін сипаттайтын тауарлар мен
қызметтер деңгейі, әл-ауқаттылық деңгейі, әлеуметтік жағдайлар мен
көрсеткіштер жиынтығы.
Өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері (индикаторлары):
−
халықтың әртүрлі табыстары (орташа атаулы және нақты
табыс, орташа жалақы, зейнетақының орташа деңгейі, өмір сүру
минимумының деңгейі, т.б.);
−
баспана (бір тұрғынға келетін тұрғын үйдің жалпы ауданы);
−
денсаулық сақтау (1000 тұрғынға келетін аурухана керуеттерінің
саны);
−
білім беру (орташа және жоғары оқу орындарының саны, халық
санындағы студенттердің үлес салмағы);
−
мәдениет (кітаптардың, журналдар мен газеттердің саны);
−
жылжымайтын мүлік және ұзақ қолданылатын тауарлардың
болуы;
−
тамақ (калориялығы, азық-түлік құрамы);
−
демографиялық үрдістер (өмір сүрудің ұзақтылығы, туу/өлу,
некелесу/ажырасудың күтілетін деңгейі);
−
қауіпсіздік (тіркелген қылмыстар саны).
293
Өмір сүру деңгейі ұғымымен қатар өмір сүрудің сапасы деген
түсінік кеңінен қолданылады.