Ақшаға жалпы сұраныс
– келісімдер жасау және активтерге
сұраныс білдіру үшін қажетті ақшаға сұраныстың сомасы.
Ақшалай капитал
– инвестициялық тауарларды сатып алу үшін
қажетті қолдағы бар ақшалар.
Ақшалай нарық
– пайыз мөлшерлемесінің белгілі бір деңгейінде
ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңесуі орын алатын нарық.
Ақшаның құны
– ақша бірлігіне айырбастауға болатын тауарлар
мен қызметтердің жалпы көлемі; ақша бірлігінің сатып алушылық
қабілеті; бағалар деңгейіне кері шама.
«Ақылдың қашуы»
- көп пайда табу және ең жақсы жұмыс
жайларын табу мақсатында білімі мен біліктілігі жоғары мамандар
мен жұмыскерлердің елден кетуі.
Алыпсатарлық
– пайда табуға бағытталған сатушының немесе
сатып алушының қайта сату бойынша әрекеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |