Ағымдық операциялар есебі – тауарлар мен қызметтердің
экспорты мен импорты, инвестициядан алынатын таза табыс және
трансферттік төлемдердің таза көлемі тіркелетін елдің төлем
балансының бір бөлімі.
Адам капиталына инвестиция салу – кәсіпорынның өз
жұмысшылары-ның еңбек өнімділігін көтеру үшін (олардың
біліктілігін көтеру және қабілеттіліктерін дамыту жолымен)
жасайтын кез-келген іс-шаралары: жұмысшылардың білім деңгейін,
денсаулығын жақсарту шығындары.
Адам капиталы теориясы – жалақыдағы айырмашылықтар
адам капиталына, яғни адамның білімін жетілдіруге құйылатын
инвестициялардың салдары деп түсіндіретін тұжырымдама.
«Азия жолбарыстары» - Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея және
Тайвань сияқты Азияның жаңа тез қарқынмен дамып келе жатқан
индустриалдық елдері.
Актив – фирманың немесе жекелеген тұлғалардың меншігіндегі
ақшалай құны бар барлық заттардың жиынтығы.
Акциз – нақты бір тауарды немесе белгілі бір тауарлар көлемін
сатып алуға жұмсалатын шығындарға салынатын салықтар.
Ақша – тауарлар мен қызметтердің өзара айырбасына қажетті
қолданы-латын абсолютті өтімділікке ие ерекше құрал немесе
тауарлардың тауары.