Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет534/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Ағымдық операциялар есебі
тауарлар мен қызметтердің 
экспорты мен импорты, инвестициядан алынатын таза табыс және 
трансферттік төлемдердің таза көлемі тіркелетін елдің төлем 
балансының бір бөлімі.
Адам капиталына инвестиция салу
кәсіпорынның өз 
жұмысшылары-ның еңбек өнімділігін көтеру үшін (олардың 
біліктілігін көтеру және қабілеттіліктерін дамыту жолымен) 
жасайтын кез-келген іс-шаралары: жұмысшылардың білім деңгейін, 
денсаулығын жақсарту шығындары.
Адам капиталы теориясы
жалақыдағы айырмашылықтар 
адам капиталына, яғни адамның білімін жетілдіруге құйылатын 
инвестициялардың салдары деп түсіндіретін тұжырымдама.
«Азия жолбарыстары»
- Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея және 
Тайвань сияқты Азияның жаңа тез қарқынмен дамып келе жатқан 
индустриалдық елдері.
Актив
– фирманың немесе жекелеген тұлғалардың меншігіндегі 
ақшалай құны бар барлық заттардың жиынтығы.
Акциз
– нақты бір тауарды немесе белгілі бір тауарлар көлемін 
сатып алуға жұмсалатын шығындарға салынатын салықтар.
Ақша
– тауарлар мен қызметтердің өзара айырбасына қажетті 
қолданы-латын абсолютті өтімділікке ие ерекше құрал немесе 
тауарлардың тауары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет